Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Іле ауданы Түймебаев ауылындағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім ордасында «Адал азамат: ауыл мектебінің келешегі» атты республикалық семинар-тренинг өтті. Семинарға ауыл мектептерінің директорлары мен орынбасарлары, әдіскерлер, пән мұғалімдері мен ата-аналар қатысты.
Ауылдық білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруді көздейтін іс-шараны ашқан облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Атенбекова Алматы облысы қарқынды дамып келе жатқан урбанизация деңгейі жоғары өңір болғандықтан, ауыл мектебін тек білім ошағы емес, заманауи технологиялар мен инновацияның орталығына айналдыруды басты міндет екенін саналатынын айтты. Бүгінгі шараның облыс ұстаздарының әлеуетін арттырып, «Келешек» мектебі сияқты білім ордаларын жаңа белеске шығаруға септігін тигізетінін тілге тиек еткенбасқарма басшысының міндетін атқарушы ауыл оқушысының мегаполис оқушысымен тең мүмкіндікке ие болуы үшін барлық жағдай жасалатынына сендірді.
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Айгерім Сәрсенбаева «Адал азаматтың» тек кітаппен емес, қауіпсіз цифрлық ортада тәрбиеленуі керегін, ақпараттық ағыны өте жылдам өңірде балаларды кибербуллинг пен құмар ойындардан (лудомания) қорғау басты басымдық екенін атап өтті.
«Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қуаныш Сейтжанов ауыл мектебінің жай ғана ғимарат емес, мемлекеттің іргетасы саналатынын айта келе, бүгінгі семинардың ауылдың кадрлық резервін жасақтаудың басы екеніне баршаның назарын аударды.
Семинардың күн тәртібі тек теориямен шектелмей, заман талабына сай ең өзекті тақырыптарды қамтыды. «Білім берудің жаңа парадигмасы: құндылық, сапа және даму» тақырыбындағы пленарлық отырыста «Qazaq мәселелері қызу талқыланды.
Жиынның екінші бөлімінде қатысушылар төрт секцияға бөлініп, маңызды бағыттар бойынша тәжірибе алмасты.




