⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Ақпан 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Маңызды міндет жүктелді

    13.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Маңызды міндет жүктелді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссиялардың отырысы өтті.

    Жиынға құқық қорғау, прокуратура органдарының өкілдері, бірқатар басқарма басшылары, сондай-ақ аудан-қала әкімдері онлайн режимде қатысты. Күн тәртібінде электрондық темекінің заңсыз айналымының алдын алу, ақша бопсалаудың жолын кесу, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтарға жол бермеу мәселелері қаралды. Бұл бойынша баяндама жасаған облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов аймақта кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың төмендегенін айтып, алайда, оң динамикаға қарамастан, шешілмеген мәселелердің де бар екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, құқық бұзған балалардың тең жартысы бұрын-соңды бақылауға алынбаған, бұл білім беру ұйымдары тарапынан девиантты мінез-құлықты ерте анықтау жұмысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Баяндамашы осыған байланысты тәуекел топтарымен жұмыс сапасын арттыру қажет екенін алға тартты.
    Жиында облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Оның сөзінше, білім беру ұйымдарының барлығына ювеналды, учаскелік полиция инспекторлары мен жедел уәкілдер бекітілген. Құрамында прокуратура, полиция, білім беру, жастар ұйымдарының өкілдері бар мобильді топтар құрылып, түнгі рейдтер мен арнайы профилактикалық іс-шаралар тұрақты жүргізілуде. Ал облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Әтенбекованың сөзінше, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзіндік қиындықтары бар. Бұл ретте психологтардың жұмысын жолға қоюмен қатар, арнайы жауапты органдар мен білім мекемелері арасындағы жұмысты нығайту керек. Бұл мәселені жергілікті әкімдіктер және құзырлы органдармен бірлесе терең зерделеу қажет.
    Комиссия отырысын түйіндеген Марат Елеусізұлы бұл істің шеші­мін табуда Қонаев қаласы мен аудан әкімдеріне, облыстық полиция департаменті мен білім басқармасына нақты тапсырмалар берді.
    Облыстық әкімдікте өткен жиын ары қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның биылғы жылдың I тоқсанына арналған алғашқы отырысына жалғасты. Жиында ветеринариялық станса қызметі, жер қатынастары саласы мен бюджеттік процестердің ашықтығы жайында сыбайлас жемқорлық сипатындағы заңбұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бағытында қабылданған шаралар қаралды.
    Отырыста облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев сыбайлас жемқорлық­пен күрес баршаға жүктелетін жауапты міндет екенін айтты. Облыс басшысы:
    «Қонаев қаласы мен аудан әкімдеріне құқықбұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жаңартылып, бекітілсін. Сонымен қоса, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау кезінде өз қызметінде және бағынысты құрылымдарда болуы мүмкін тәуекелдер анықталсын», – деп жауаптыларға бірнеше міндет жүктеді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    АХАҢНЫҢ ЖОЛЫН ҚУҒАН

    АХАҢНЫҢ ЖОЛЫН ҚУҒАН

    1 year ago
    «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы ҮЕҰ қызметін мониторингтеу әдістемесі» тақырыбында жиын өтті

    «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы ҮЕҰ қызметін мониторингтеу әдістемесі» тақырыбында жиын өтті

    7 months ago
    Болашаққа бағытталған білім

    Болашаққа бағытталған білім

    12 months ago
    Бұл іс жүзінде жаңа Конституция – Серік Ақылбай Конституциялық комиссияның түзетулер жобасы туралы пікір білдірді

    Бұл іс жүзінде жаңа Конституция – Серік Ақылбай Конституциялық комиссияның түзетулер жобасы туралы пікір білдірді

    2 weeks ago
    Жауапкершілік жүгін арқалаған

    Жауапкершілік жүгін арқалаған

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>