⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

    18.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай Алматыдағы №39 балалар кітапханасында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті. Шараға белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрдәулет Ақыш, ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің сержанттар құрамын даярлау бөлімінің әскери қызметшілері, Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

    Кеште жазушы Нұрдәулет Ақыш Мұқағали поэзиясының көркемдік әлеміне, тілдік өрнегіне, образ жасау шеберлігіне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар шарада ақын туралы шағын бейнеүзінді көрсетілді.
    Нұрдәулет Ақыштың әдемі де сыршыл әңгімесінен кейін кезек алдымен жырқұмар өрендерге тиді. Сержанттар құрамын даярлау бөлімінде біліктілік курсынан өтіп жатқан келісімшарт қызметінің қатардағы жауынгері Жасұлан Молдырахманов ақынның «Шекарада» өлеңін мәнерлеп оқыды. Ал білімін көтеру үшін Ақтөбе облысы бойынша департаментінен келген ефрейтор Азамат Сәдірбай Мұқағалидың «Несіне асығады?» атты жүрек тербетер әнін гитарамен әуелете шырқап, тындарманның көңілін шалқытты. Батырдың есімін еншілеген білім ошағының өнерлі жастары де кем түспеді. Мектеп кітапханашысы Мәдина Мырзахметова бастап келген оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды.
    Кеш соңында балалар кітапханасы атынан Жадыра Зәкірова жазушы Нұрдәулет Ақыш, сержанттар құра­мын даярлау бөлімі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орын­басары, подполковник Азамат Биманов және Бауыржан Момышұлы атын­дағы мектептің кітапханашысы Мәдина Тортайқызын Алғыс хатпен марапат­тады. Өз кезегінде подпол­ковник А.Биманов кітапхана ұжымына депар­тамент тарихынан сыр шертетін «Біз – Отанның берік қалқаны» кітабын сыйға тартты.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,
    ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі

    Ұсынымдар

    Энергетикалық тәуелсіздікті нығайтады

    Энергетикалық тәуелсіздікті нығайтады

    1 year ago
    Дәуір дерегі

    Дәуір дерегі

    4 months ago
    Мұңы да жымиып тұратын…

    Мұңы да жымиып тұратын…

    2 years ago
    Жүлдемен оралды

    Жүлдемен оралды

    4 weeks ago
    Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы

    Алматы облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>