⛅
21°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мүмкіндігі мол кешен

    10.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Мүмкіндігі мол кешен
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    2025 жылдың тамыз айынан бастап Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Көкөзек ауылында «Burunday Container Terminal (BCT)» компаниясының көпфункционалды контейнерлік терминалы жұмыс істеп келеді. Компанияны Пулат Хаитов басқарады. Бұл жоба отандық логистиканы дамытуға қосылған елеулі үлес десе де болды.

    Жаңа логистикалық кешеннің жұмысы туралы кәсіпорынның техникалық директоры Арман Оразбаев пен операциялық директоры Асқар Жұмаділов әңгімелеп берді. Олардың айтуынша, жобаның жалпы құны 10 млрд теңгені құрайды, оның  80%-ы – несиелік қаражат. Құрылыс жұмысы 2024 жылдың шілде айында басталып, бір жылдан сәл астам уақыт ішінде аяқталған.
    Жер телімінің жалпы аумағы – 16,5 гектар. Ал ғимараттардың аумағы – 50 мың шаршы метр. Оның ішінде 2 500 шаршы метрі уақытша сақтау қоймасына бөлінген. Түнгі уақытта кешен аумағы прожекторлармен жарықтандырылады. Бұл контейнерлік терминалдың тәулік бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
    Кешен құрылымына жабық және ашық қоймалар, 1 200 шаршы метрді құрайтын әкімшілік және кеңсе ғимараттары, жүк көліктеріне арналған автотұрақ, бақылау-өткізу пункті және өзге де нысандар кіреді. Сонымен қатар бұл кешен аумағында кедендік бақылаудан өтуі тиіс жүктер сақталады. «Кедендік рәсімдеуден» кейін, яғни Қазақстанға әкелінетін тауарлар­ды ресми түрде тіркеу, құжаттарды тексеру, салықтар мен алымдарды төлеу аяқталған соң, олар белгілен­ген мекенжайларға жөнелтіледі. Бұл мульти­модальды кешен болғандықтан, тұтынушылар өз жүктерін тәулік бойы онлайн режимде арнайы ашылған жеке кабинеттері арқылы бақылай алады.
    Жаңа терминалда қажетті қызмет­тердің толық көлемі көрсетіледі. Оның жылдық өткізу қабілеті шамамен 100 000 TEU-ды құрайды. Терминал Қытайдан, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келетін импорттық жүктерді қабылдау мен өңдеуге бағытталған. Теміржолға және Үлкен Алматы айналма автожолына жақын орналасуы да маңызды рөл атқарады.
    Терминал заманауи басқару жүйесі­мен, жоғары технологиялық жабдық­тармен және сенімді техникамен жабдықталған. Атап айтқанда, швед өндірісіндегі Kalmar маркалы екі жаңа тиегіш бар. Олар көтеру және тасымалдау жұмыстары кезінде таптырмас көмекші болып, салмағы 1,25 тоннадан 72 тоннаға дейінгі жүктерді көтере алады.
    – Кешенді салу кезінде жоғары сапалы бетон қабатының қалыңдығы 35 см болды, – деп толықтырды Арман Оразбаев. – Бұл оның сапасына, беріктігіне және ылғалға төзімділігіне кепілдік береді. Сонымен қатар гидрооқшаулауға ерекше көңіл бөлінді. Дәл осы қорғаныш қабаттары су өткібеуді қамтамасыз етеді.
    Осылайша, «Burunday Container Terminal» бизнес, сауда және өзара тиімді әріптестікті дамыту үшін үлкен мүмкіндік ашып отыр. Бұл ауқымды инфрақұрылымдық жоба аудан мен облыстың логистикалық инфрақұрылымын едәуір жақсарта түспек. Қазіргі таңда мұнда 30 адам еңбек етуде. Нысан толық пайда­лануға берілгеннен кейін 70 жаңа жұмыс орны ашылмақшы. Жоба­ның екінші кезеңін 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаевта экопарктің негізі қаланды
    11.04.2026
    Құрақ көрпе – үйдің сәні
    11.04.2026
    Ерлік пен еңбек жолы
    11.04.2026
    Ұстаз бақыты
    11.04.2026
    Құрдың күй ойнағы
    11.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>