⚠️ API қатесі: cURL error 28: Resolving timed out after 5000 milliseconds
Жексенбі, Сәуір 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Отбасы қауіпсіз болмаса, қоғам қауіпсіз болмайды

    27.02.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Отбасы қауіпсіз болмаса, қоғам қауіпсіз болмайды
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

       Қонаев қалалық Мәдениет үйінде «Құқықтық сауаттылық және қауіпсіз отбасы» атты семинар-тренинг өтті. Шараға еңбек ардагерлері, аналар кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен ата-аналар қатысты.  Басқосуды ашқан Қонаев қаласы әкімінің аппарат басшысы Рахман Шахарбек өткізіліп отырған шараның мақсат-міндетіне тоқталды.

    Алғашқы сөз кезегін алған облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар  Жошыбаева қазіргі кезде отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамда келеңсіз құбылысқа айналып,  кең таралуы әлеуметтік, психологиялық және құқықтық салдарды туындатып отырғанын атап өтті. Мұның алдын алу үшін отбасындағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың бірнеше жолын көпшіліктің назарына ұсынды. Сонымен бірге Швеция, АҚШ, Австралия, Канада, Испания, Филиппин, Бразилия мемлекеттеріндегі отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес пен оның алдын алу шараларының  қалай жүзеге асырылатынын айта келе, біздің еліміз бен облыс көлемінде осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайын сөзіне арқау етті.

    Өз кезегінде мінбеге көтерілген «Human rights lawyers» қоғамдық қорының президенті, психоанализ бағытындағы психолог Ләззат Рақышева отбасындағы зорлық және сталкинг тек жеке трагедия емес, ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі мәселе екенін, отбасы қауіпсіз болмаса, қоғам да қауіпсіз болмайтынын алға тарта сөйледі. Сонымен қатар зорлық-зомбылық пен сталкинг бойынша жаза қарастыратын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары мен оған енгізілген өзгерістерді жан-жақты таныстырды.  Одан кейін «Human Rights Lawyers» қоғамдық қорының практик-психологы Жеңісгүл Хабаева отбасындағы зорлық-зомбылық пен сталкингтің психологиялық салдары жайында сөз қозғады.

    – Сталкинг –  жай ғана «мазалау» емес, адамның психикасына жүйелі қысым жасау, оның өміріне қауіп төндіретін және тұрақты стресс тудыратын әрекет. Оның құрбаны өзін үнемі бақылауда жүргендей сезінеді. Бұл адреналин мен кортизолдың тұрақты бөлінуіне әкеліп, денені «күрес немесе қашу» режимінде ұстайды. Тұрақты стресс ұйқының бұзылуына, бас ауруына, асқазан мәселелеріне және иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Сталкинг салдарынан туындайтын үрей мен паникалық ұстамалардың белгілері – дем жетпеу, жүрек қағуының жиілеуі, қол-аяқтың дірілдеуі, кенеттен жылау, қатты терлеу.  «Қазір бір нәрсе болады» деген үнемі мазалайтын қорқыныш сезімі өмір сапасын төмендетеді. Сталкинг құрбандарының достарымен араласуды азайтуы, әлеуметтік желілерден кетуі, тіпті жұмыс орнын ауыстыруға мәжбүр болуы –  жиі кездесетін салдар. Бұл оқшаулану жалғыздық сезімін күшейтіп, депрессияға ұшырау қаупін арттырады, – деген Жеңісгүл Жапарханқызы Сталкингтің әсері физикалық зорлықтан кем еместігін, ол адамның жеке шекарасына, психикасына және өмір сүру сапасына жасалған өрескел шабуыл саналатынын, мұндай жағдайда арнайы психологиялық көмек пен әлеуметтік қолдау өте қажеттігін тілге тиек етті.

    Келесі кезекте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген құрбандарға әлеуметтік көмек көрсету мекемесінің психологы Динара Қуатбекова сөз алып, отбасы мен балалық шақты қорғау мемлекеттің  ішкі саясатының басты басымдығы ғана емес, конституциялық кепілдік екеніне жұртшылықтың назарын аударды.

    Баяндамашының айтуынша, өзі қызмет атқаратын мекеме ашылғаннан бері 252 әйел мен 688 балаға  «Бір терезе» қағидаты бойынша көмек көрсетілген.   Мұнда жәбірленушілерге көмек көрсетудің нақты және жедел алгоритмі жолға қойылған. Полиция департаменті, аналар кеңесі, ҮЕҰ және отбасын қолдау орталықтарының жұмыла атқарған жұмысының нәтижесінде осы мекемеден көмек алған жәбірленушілердің 90 пайызы өз отбасына қайта оралған. Мамандардың қажырлы еңбегі мен дұрыс таңдалған реабилитациялық бағыттың арқасында көмек алғандар арасында зорлық-зомбылықтың қайталануы мүлдем тіркелмеген.

    Шара барысында Қонаев қалалық аналар кеңесінің төрағасы Дәметкен Нүсіпбекованың және Талғар, Қарасай, Іле аудандарының отбасын қолдау орталықтары басшыларының баяндамалары тыңдалды.

    Келелі жиын әжелер ансамблінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Бүгін – геологтар күні
    05.04.2026
    600 доп, күш шоуы және болашақ чемпиондар: Қонаевта тарихи дода басталды
    04.04.2026
    Қонаевта 700 түп ағаш отырғызылды
    04.04.2026
    Аналар қуанышы ортаймасын!
    04.04.2026
    Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын ілгерілету және насихаттау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>