⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Ақпан 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Прима құстың» қуаты зор

    05.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік, Экономика
    «Прима құстың» қуаты зор
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Қазақстандағы ең ірі құс фабрикасының бірі – «Прима құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қарадаланың төсінде 54 гектардан астам ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан құс фабрикасы бүгінде «Chickodelli» брендімен құс еті өнімдерін өндіруде.

    Бірнеше жылдан бері қызу жұмыс істеп жатқан өндіріс орнына барып, тыныс-тіршілігімен танысып қайттық. Елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелдерге экспортқа шығатын бұл өндіріс орны бүгінде 750 адамды жұмыспен қамтып отыр.
    Әлқисса, 2019 жылы Алматы қаласында аталмыш компания өз жұмысын қолға ала бастады. Тек 2021 жылдың мамыр айында Ұйғыр ауданына келген инвесторлар бұл аумақтың ауа райының қолайлы, жер көлемі де жайлы екенін көріп, алып құс фабрикасының құрылысын бастайды. Әу бастан-ақ төрт кезеңге жоспарланған өндіріс ошағының алғашқы кезеңі 2022 жылы аяқталды. Осы уақыттан бастап қарқынды жұмыс та басталды.
    33,5 млрд инвестиция тартылды. «Қазақстан даму банкі» АҚ арқылы қаржыландырылды. Осындай қомақты қаржы салынған өндіріс орнында алғашында жылына 17500 тоннадан астам құс еті мен 200 тоннаға жуық шұжық өнімдері өндірілді. Өткен жылдың қараша айында екінші кезеңі іске қосылды. Бұл мұндағы өндірілетін өнім көлемін еселеп арттырды. Нәтижесінде қазір жылына 26250 тоннаға дейін құс еті нарыққа жөнелтіледі. Мұнымен қоса жыл сайын шұжық және жартылай дайын өнімдерді де өндіруді ұлғайтуда. Олардың түрі де көбейген. Талғамыңа қарай таңдауға мүмкіндік бар. Қазір әр үйдің дастарқанынан табылатын ысталған шұжықтың түр-түрі, әртүрлі дәм мен дәмдеуіштер қосылған тауық етінің түрі де жетерлік. Қазақтандағы көлемді сауда орындарымен байланыс орнатылған. Әр қаладағы Magnum, Тоймарт, Metro, Galmart сынды ірі дүкендер желісі сөрелерінде бүгінде «Прима құс» өнімдері самсап тұр. Сонымен қатар 2025 жылы аталмыш құс фабрикасының 38 пайыз өнімі экспортталды. Нақтырақ айтсақ, көршілес Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжан, Біріккен Араб Әмірлігінде де біздің өнімдерге деген сұраныс артқан. Серіктестік қызметкерлері алдағы уақытта экспортқа ұсынылатын өнім көлемі де, байланыс орнатылатын мемлекеттер саны да артатынын айтты. Өйткені бүгінде бұл өндіріс ошағының үшінші кезеңі қолға алынып, аяқталу алдында тұр. Үстіміздегі жылдың мамыр айында іске қосылады деген жоспар да бар. Бұған 23 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Бұл кезең де «Қазақстан даму банкі» арқылы қолдау тапқан. Үш кезеңдегі инвестиция көлемі 42 миллион АҚШ долларына жетіп отыр.


    Үшінші бөлігі іске қосылған жағдайда өндіріс орны жылына 35 мың тоннаға дейін құс етіне деген сұранысты қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар жұмыскерлер саны да 1200 адамға жетпек. Бүгінде бұл кәсіпорындағы жұмысшылар санының басым бөлігі – Ұйғыр ауданының азаматтары. Мұндағы ең төменгі жалақы 180 мың теңге. Демалыс, мереке, жұмыстан кейінгі уақыттарға еңбек заңдылығына сәйкес қосымша қаражат та төленеді. Мекеме басшылары тәртіп пен тазалақты, қауіпсіздік пен сапаны басты орынға қойған. Мұндағы барлық өнім «Халал» сертификатына ие. Осындай талап нәтижесінде «Прима құстың» Chickodelli бренді тек алға басып, дамудың даңғыл жолына түскен. Бұл компания жылдан-жылға өзінің нарықтағы үлесін арттырып, қуат күшін ұлғайтуда. Еліміздің әр өңірінде Chickodelli-дің өз дүкендері ашылуда. Бұл олардың өнімінің әр үйдің дастарқанынан табылуына өз үлесін қоспақ.
    Chickodelli бүгінде тек Қазақстан нарығына емес, шетел нарығына да дендеп еніп, сапалы өнімге деген сұранысты арттырған. Қуат күші молайып, жаңа өнімдер түрі де шығарылуда. Қарадаладағы кәсіпорын алдағы уақытта төртінші кезең бойынша да жұмысын бастамақ. Ал ол бөлігі іске қосылған жағдайда өндіріс орнының қуат күші 70 мың тоннаға дейін құс етін өндіре алатын деңгейге жетеді. Ал бұл дегеніміз ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуге де өз үлесін қоспақ.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    «ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпін

    «ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпін

    7 months ago
    Еділдің ерен еңбегі

    Еділдің ерен еңбегі

    4 months ago
    Жеркіндіктен самғаған…

    Жеркіндіктен самғаған…

    3 years ago
    BRICS бізге не береді?

    BRICS бізге не береді?

    1 year ago
    Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын жүлде иеленді

    Биыл Қонаев спортшылары түрлі жарыстардан 111 алтын жүлде иеленді

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>