⛅
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Технологияны тәрбиемен ұштастырды

    21.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Технологияны тәрбиемен ұштастырды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Қонаев қаласындағы Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектепте «Бастауыш білім беруде жасанды интеллект пен ұлттық құндылықтарды ұштастыру» тақырыбында семинар өтті. Оған барлық ауданнан 70-ке жуық бастауыш сынып мұғалімі қатысты.

    Іс-шара мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев туралы көрсетіліммен ашылды. Бастауыш сынып оқушылары заңғар тұлғаның ғибратқа толы өмір жолына арналған жүрекжарды жыр жолдарын оқығаннан кейін қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлзада Қуанышқызы қатысушыларға шығармашылық табыс, көтеріңкі көңіл-күй тілеп, өткізіліп отырған шараның тың ой, жаңа серпін беретініне сенімді екенін жеткізсе, мектеп психологтары Гүлбану Сәдірова мен Аида Нұрақбаева «Жағымды көңіл-күй – тиімді оқу ортасының негізі» атты шағын тренинг өткізді.
    Семинардың негізгі кезеңінде қатысушылар «Смарт-сағат» әдісіне сәйкес осы мектептің бастауыш сынып мұғалімдері Ақерке Омар, Гүлмира Ілесбаева өткізген ашық сабақтарға қатысып, өз бағаларын берді.
    – Кеген ауданы Қарабұлақ орта мектебінен тәжірибе алмасу үшін жол алыстығына қарамай келіп отырмыз. Өйткені өскелең ұрпақтың қалыптасуында күш алдымен бастауыш сынып мұғалімдеріне түседі. Сондықтан ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, біліктілігін көтеріп отыру маңызды. Жасанды интеллект білім саласына да енгендіктен, күнделікті сабаққа қолдануымыз керек. Соны меңгеріп, сол арқылы балаларға білім беру үшін осы семинарға келдік. Жиында Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері өткізген көрмені тамашалап, ашық сабақтар мен тәжірибелік алаңдарға қатыстық. Нәтижесінде уақыт талабына сай цифрлық технология мен жасанды интеллектіні ұлттық құндылықтармен ұштастырудың тиімді жолдарын талқыладық, – деді Нәзира Аңламасова. Сонымен бірге әдебиеттен ашық сабаққа қатысқан Жамбыл ауданы Қайназар ауылындағы №1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Рехангүл Қасымова оқушылардың белсенділігін ерекше атап, семинардың жоғары деңгейде өткенін, өзіне ұнағанын, керемет әсер алғанын тілге тиек етті.
    Ашық сабақтар аяқталған соң қатысушылар «Ұлттық ою-өрнектер нақышы» әдісі арқылы топтарға бөлініп, тәжірибелік алаңда ұйымдастырылған квест, шеберлік сағаты және тренинг жұмыстарына қатысты. Соның ішінде Гүлбақыт Әшірбайқызы мен Толқын Жұманәліқызы ұйымдастырған «Ұлттық құндылық – заманауи сабақтың өзегі» квест ойыны көптің көңілінен шыққанына куә болдық. Мұнда ұлттық құндылықтарды сабақ мазмұнына терең кіріктірудің тиімді жолдары көрсетілді. Семинар барысында ұстаздар жасанды интеллектіні білім алушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру үшін қолдануға болатынын аңғарды.
    Іс-шараның жабылу рәсімінде мектеп оркестрі Құрманғазының «Адай» күйін орындап, бастауыш сынып оқушылары қазақ халқының дара тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлының ғибратқа толы өмірінен сахналық қойылым қойды. 11 «Ә» сынып оқушысы Нұржолы Несібелі ән-жырдан шашу шашып, маңызды шараның көрігін қыздыра түсті.
    Семинар соңында әр ауданнан келген мұғалімдер шарадан алған әсерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Бір мезетте екі орталық ашылды

    Бір мезетте екі орталық ашылды

    9 months ago
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

    3 years ago
    Жол қауіпсіздігін бақылай аласыз

    Жол қауіпсіздігін бақылай аласыз

    8 months ago
    Шаруаларға қолдау көрсетіледі

    Шаруаларға қолдау көрсетіледі

    2 years ago
    Бағаның бағамы – базарда…

    Бағаның бағамы – базарда…

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>