⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Түйткілді мәселелер талқыланды

    25.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс, Құқық-заң, Саясат
    Түйткілді мәселелер талқыланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов әскерге шақырылушылардың облыстық жиын пунктіне барып, тыныс-тіршілігімен танысты. Қанат Болатұлы медициналық комиссия құрамы отыратын бөлмелерді аралап, асхананы, жатын орындарды көріп шықты. Ұжым қызметкерлерімен дидарласып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары одан кейін Қонаев қалалық қазақ орта мектеп-лицейінде былтырғы әскери қызметке шақыру қорытындысы мен  биыл көктемгі шақыруға тапсырыс беру мәселесіне арналған жиын өткізді.  

    Басқосуды ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары  Қанат Есболатов былтыр мерзімді әскери қызметке шақыру аймақ басшысының қаулысына сәйкес ұйымдастырылып, толық көлемде орындалғанын атап өтті.

    Алғашқы сөз кезегін алған облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары – әскерге шақыру және әскерден тыс жұмыс басқармасының бастығы, полковник Дулат Акишев былтыр күзде  азаматтарды Қарулы Күштер және басқа да әскери құрылымдарға  мерзімді әскери  қызметке шақыру барысында анықталған өзекті мәселелер жөнінде сөз қозғады.

    Дулат Жұмабекұлының айтуынша, былтыр күзде ҰҚК Шекара қызметі қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылған Балқаш ауданынан 3, Еңбекшіқазақтан 14, Жамбылдан 7, Іле ауданы мен Алатау қаласынан 8, Қонаевтан 11, Қарасайдан 5, Кеген-Райымбек аудандарынан 1, Талғардан 3, Ұйғыр ауданынан 5 азамат облыстық медициналық комиссияның қорытындысына сәйкес жарамсыз болып танылған. Алайда олардың барлығы аудандық медициналық комиссиядан өткенде жарамды болған. Мұндай жарамсыздық санаты Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштер,  Төтенше жағдайлар министрлігінің,  Ұлттық ұланның қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылушылар арасында да анықталып отыр.

    Департамент басшысының орынбасары былтыр күзде азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысында Қонаев қаласы, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Балқаш  аудандарының, Іле ауданы мен Алатау қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерінің жұмысын жоғары бағалады. Сондай-ақ Кеген-Райымбек және Ұйғыр аудандарының қорғаныс істері жөніндегі бөлімдері тарапынан жоспар орындалмағынын жеткізді. Кеген мен Райымбек аудандары жастарының тіркеуден шықпай, өзге қалаларда жұмыс істеп жүргендігі әскерге шақыру барысында қиындық тудырып отырғанын алға тартты. Ұйғыр ауданында ондай мәселе болмаса да, жоспар орындалмай отырғанын тілге тиек еткен Дулат Жұмабекұлы бұл ауданда әскерге жарамсыз болған азаматтың төтенше жағдай, полиция және тағы сол секілді салада қызметке орналасқан кезде денсаулығының жарамды болып шыға келетініне таңданысын жасыра алмады.

    Келесі кезекте денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Жүнісова,  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өкілі, полковник Ербол Назарбекұлы, Ұлттық ұланының өкілі, подполковник Есбол Ержақып сөз алып, әскерге шақыру барысында кездесетін түйткілді мәселелер жайлы мәлімдеді.

    Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты жауап берген Қанат Болатұлы аудандық медициналық комиссия  қорытындысына сәйкес әскерге жарамды болған азаматты облыстық комиссияның жарамсыз деген шешімімен келіспеген жағдайда республикалық тексеріс ұйымдастыратынын жеткізді. Денсаулығы жарамайтын шақырылушы әскер қатарына алынған жағдайда сырқаты сыр беріп, оның салдары адам өліміне апарып соқтыруы мүмкін екенін, сондықтан медициналық комиссияларды салғырттыққа салынбауға шақырды. Сонымен қатар аудандық шақыру комиссияларының төрағаларына азаматтарды биыл көктемде Қарулы Күштердің, басқа да әскери құрылымдар қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру үшін нарядты орындау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыруға және шақыру кезеңінде мерзімдері мен сапасына теріс әсер ететін барлық түйткілді мәселені жоюға  тапсырма берді.  Көктемгі  мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру жұмысын жүргізуге көмек көрсету мәселесі бойынша аудандағы полиция басқармаларына облыстық полиция департаменті басшысының тапсырма беретінін жеткізді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    AMANAT: Іле ауданының әкімі тұрғындарды қоғамдық қабылдауда тыңдады

    AMANAT: Іле ауданының әкімі тұрғындарды қоғамдық қабылдауда тыңдады

    1 year ago
    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    1 year ago
     Құтқарушылар күні қарсаңында: сүңгуір Қасенов Ержан

     Құтқарушылар күні қарсаңында: сүңгуір Қасенов Ержан

    4 months ago
    Кәсіпкер Виталий Гринченко Алматы облыстық мәслихатының депутаты атанды

    Кәсіпкер Виталий Гринченко Алматы облыстық мәслихатының депутаты атанды

    1 year ago
    Тракторды тізгіндеген

    Тракторды тізгіндеген

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>