🌫️
-7°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тұтынушылардың құқықтарын қорғау іс жүзінде: сапасыз оқу курсы үшін қаражат қайтарылды

    26.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Тұтынушылардың құқықтарын қорғау іс жүзінде: сапасыз оқу курсы үшін қаражат қайтарылды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азаматша ағылшын тілі курсының сапасына қатысты шағыммен жүгінді. Өтініш берушінің айтуынша, төлем жасамас бұрын оған заманауи оқыту тәсілі, оқытушының жоғары біліктілігі және тиімді әдістеме туралы ақпарат берілген.

    Алайда сабақ басталғаннан кейін көрсетілген қызметтің нақты сапасы уәде етілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған. Оқыту барысында ескірген әдістеме қолданылған, жеке тәсіл қарастырылмаған, материалды түсіндіру сапасы тұтынушының күткен деңгейіне сай болмаған. Осыған байланысты азаматша әрі қарай оқудан бас тартып, төленген қаражатты қайтаруды талап еткен.

    📌 Департамент мамандары жағдайды жан-жақты зерделеп, тұтынушыға қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтарын түсіндірді. Азаматшаға қызмет көрсетушіге жолданатын сотқа дейінгі талап-арызды (досудебная претензия) дайындау және жіберу бойынша практикалық көмек көрсетілді.

    📄 Ресми талап-арызды алғаннан кейін қызмет көрсетуші тұтынушының талабын қарап, дауды ерікті түрде реттеу туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде қысқа мерзім ішінде өтініш берушіге 215 883 теңге көлеміндегі қаражат толық қайтарылды.

    ✅ Уақтылы жүгіну және білікті құқықтық сүйемелдеудің арқасында мәселе сотқа жеткізілмей шешімін тапты.

    Өтініш беруші Департамент қызметкерлеріне кәсібилігі, мұқияттылығы және жедел көмегі үшін алғыс білдірді.

    Егер сіз де сапасыз қызметке тап болып немесе тұтынушы ретіндегі құқықтарыңыз бұзылса — мәселені кейінге қалдырмаңыз. Өз құқықтарыңызды қорғау үшін Департаментке жүгініңіз.

    Ұсынымдар

    Qazaq Oxford Dictionary сөздігі таныстырылды

    Qazaq Oxford Dictionary сөздігі таныстырылды

    2 years ago
    Аудан әлеуеті артып келеді

    Аудан әлеуеті артып келеді

    9 hours ago
    Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамуда

    Алматы облысында білім беру саласы қарқынды дамуда

    1 year ago
    Мәдениет, тәрбие, тағылым

    Мәдениет, тәрбие, тағылым

    7 months ago
    Қонаев әкімдігінде жаңа бөлім құрылды

    Қонаев әкімдігінде жаңа бөлім құрылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>