⛅
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үкімет 11 мың шақырым жолды жаңғыртып, әуежайлардың өткізу қабілетін 40 млн жолаушыға дейін арттырады

    10.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы, Инфрақұрылым, Үкімет
    Үкімет 11 мың шақырым жолды жаңғыртып, әуежайлардың өткізу қабілетін 40 млн жолаушыға дейін арттырады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және елдің транзиттік әлеуетін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

    Биыл жалпы ұзындығы 475 шақырым болатын екі теміржол желісінің құрылысын және 2,9 мың шақырым жолды жаңғырту жұмыстарын аяқтаймыз. Бұл транзиттік тасымал көлемін 60%-ға ұлғайтуға, ал транзиттік контейнерлік пойыздардың жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Қытай шекарасынан Каспийге дейін жүктерді жеткізу уақыты осы жылдың соңына қарай 84 сағаттан 55 сағатқа дейін қысқарады.

    11 мың шақырым автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жұмыстары жүзеге асырылатын болады, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Бұл ретте транзиттік әлеуеттің серпінді дамуын тежейтін бірқатар факторлар белгіленген. Солардың бірі теміржол инфрақұрылымдарының тозуының жоғары деңгейі болып қалып отыр. Осыған байланысты магистральдық теміржол желісін жаңғырту жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру Үкіметтің тұрақты бақылауында.

    Сондай-ақ авиация саласын, оның ішінде инфрақұрылымды қоса алғанда, дамытуға назар аударылды.

    Биыл Астана қаласының әуежайында екінші ұшу-қону жолағының құрылысын бастаймыз. Оны іске қосу 20 жыл бойы жөндеу көрмеген бірінші жолақты жаңғырту жұмыстарына кірісуге мүмкіндік береді. Бұл Астана әуежайының өткізу қабілетін 4 есе арттырып, 40 млн жолаушыға дейін жеткізеді.

    Шілде айында Алматы әуежайының ішкі терминалын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады. Өткізу қабілеті 14 млн жолаушыдан 19 млн-ға дейін артады. Ұшу-қону жолағын жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталады, — деп атап өтті Премьер-министр.

    Сондай-ақ Президент тапсырмасы бойынша авиаотынның нарықтық бағасын қалыптастыру үшін жағдайлар жасалды. Нәтижесінде авиациялық отынның бағасы $1,2 мыңнан шамамен $950-ге дейін төмендеді. Бұл шетелдік авиакомпаниялар үшін Қазақстанның әуе кеңістігінің тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

    Ұсынымдар

    Донор күні 55 литрге жуық қан тапсырылды

    Донор күні 55 литрге жуық қан тапсырылды

    2 years ago
    В фокусе — дальние районы Алматинской области: профилактика ВИЧ среди молодёжи

    В фокусе — дальние районы Алматинской области: профилактика ВИЧ среди молодёжи

    3 months ago
    Қонаевта әскери қызметкерлер дауыс берді

    Қонаевта әскери қызметкерлер дауыс берді

    3 years ago
    Жолдау жаңа міндет жүктейді

    Жолдау жаңа міндет жүктейді

    5 months ago
    Ұлық болсаң, кішік бол

    Ұлық болсаң, кішік бол

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>