⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлтты ұйыстыратын – тіл

    07.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Ұлтты ұйыстыратын – тіл
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Еліміз көлемінде жарияланған жаңа Конституция жобасы қоғамда кең талқыланып жатыр. Құжатта елдің саяси жүйесіне қатысты өзгерістермен қатар, мемлекет дамуының стратегиялық бағыттары да айқын көрсетілген. Меніңше, Конституцияның жаңартылған мәтініндегі ең маңызды әрі мазмұндық тұрғыдан айқындаушы бөлік – оның преамбуласы. Себебі дәл осы кіріспе бөлімде мемлекеттің құндылық негіздері, тарихи жады, қоғамдық келісім мен болашаққа деген стратегиялық бағдар көрініс тапқан. Онда біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтап келе жатқаны туралы жазылған.
    Бұрын да айтқанымдай, біз мемлекет құраушы ұлттың өзіндік алар орнын ешуақытта ұмытпауымыз керек. Өйткені қазақ – Қазақстандағы көп этностың бірі емес, ол мемлекеттің негізін қалаушы ұлт. Ал этнос өкілдері – диаспоралар. Қазақ – айналасына шуағын шашқан дархан халық. Ол – Қазақстан тұрғындары арасындағы тұрақтылықты сақтаушы, оны дамытушы әрі ұйыстырушы. Қазақ елі өзге этнос өкілдеріне пана болып, асқан жомарттықпен қамқорлық көрсетіп, оны қалыптасқан дәстүрге айналдырып, қолдан келген барлық жағдайды жасап, теңдікте үйлесімді өмір сүрудің өзегі болып отыр. Сондықтан жаңа Конституция жобасында мемлекеттің алтын тұғыры саналатын алаш жұртының айрықша рөлі өз деңгейінде көрсетілген деп білемін.
    Жаңа Ата Заң жобасында тарихи жадымыздың жаңғырып жатқаны қуантады. Енді еліміздің заң шығарушы органы Парламент емес, Құрылтай деп аталады. Бұл – Ұлы дала төсінде ондаған ғасырлар жүзінде жасап келе жатқан халқымыздың төлтума сөзі, қоғам өмірінде қолданып келген дәстүрлі ұғымы. Енді оның Тәуелсіз Қазақстанның заң шығарушы билігінің атауы ретінде қолданысқа қайта енуін мемлекет басқарудың ежелгі дәстүрін жаңғыртудың, ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты жалғастырудың нақты нышаны деп түсінуге болады. Сондай-ақ жаңа заң жобасына сәйкес, жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылып, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастырмақ. Бұл Қазақстан халқының мүддесін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган саналмақ. Маған «Халық кеңесі» деген атау айырықша әсер қалдырды. Өйткені қазақ – келелі істі кеңесіп шешкен халық. Мен ұзақ жылдар Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болдым. Ол құрылым өзінің тарихи міндетін атқарды деп ойлаймын. Ал Халық кеңесі азаматтар мен билік арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, әртүрлі әлеуметтік, этностық топтардың мүдделерін қорғауға қызмет етпек. Қазақта: «Бірігу – ата-баба өсиеті, бөліну – заман қасіреті» деген сөз бар. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» демекші, Халық кеңесі ынтымақ пен бірліктің туын биік ұстаса деген тілектемін.
    Көп талқысындағы заң жобасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» идеясы және «Заң мен тәртіп» қағидатына да басымдылық беріліпті. Өйткені қазіргі қоғамда заң мен тәртіп – дамудың және әділеттіліктің кепілі болары анық. Олар қоғамды тиімді басқару үшін қажет. Алайда осы қағидатты «Заң мен тәртіп және тәрбие» деп атағым келеді. Өйткені тәртіп қандай маңызды болса, тәрбие де сондай маңызды. Қазір – Құдайға шүкір, баршылық заман. Бірақ бізде жетіспей жатқаны – ұлттық тәрбие. Менің үнемі айтатыным – білім әлемдік, ал тәрбие ұлттық болуы керек.
    Жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілге қатысты бабы қоғамда үлкен талқы тудырып жатқаны белгілі. Еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Өйткені мына топырақтың иесі де, киесі де – жергілікті халық. Ұлтты ұлт етіп көрсететін тілі ғана. Бір ұлттың тілінде сол елдің тарихы, тағдыры, бүкіл болмыс-бітімі жатыр. Сол себепті ұлттарды ұйыстырушы бір ғана тіл – қазақ тілі болуы керек. Мен осы принципті ұстанамын.

    Асылы ОСМАН,
    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

    Ұсынымдар

    Ертегілер елінде

    Ертегілер елінде

    2 weeks ago
    Саябақ ашылды

    Саябақ ашылды

    2 years ago
    Қонаев қаласында құтқарушылар жетпейді

    Қонаев қаласында құтқарушылар жетпейді

    3 years ago

    Тазалық – тәрбиеден!

    1 year ago
    95-тің тамызы

    Сарапшылардан Конституция құрылысына байланысты 1500-ден астам ұсыныс түскен

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>