⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекітуді ұсынылды

    07.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    «Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекітуді ұсынылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ жетекшісі Вера Ким Қазақстанда конституциялық деңгейде волонтерлікті ынталандыруды бекіту қажет деген бастама көтерді.

    Вера Ким Мемлекет басшысының еріктілер қозғалысына тұрақты түрде қолдау көрсететінін еске салды. Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында ауқымды көлемде өткен Еріктілер форумы осының жарқын дәлелі болды.

    «Жаңа Конституция жобасына ұсыныстар жинау жарияланған сәттен бастап маған волонтерлік ұйымдар мен еріктілердің өздерінен 31-баптың 2-тармағын «волонтерлік» деген сөзбен толықтыру туралы өтініштер бірнеше рет келіп түсті. Осыған байланысты Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру мен қайырымдылықты құруды көтермелеумен қатар волонтерлікті ынталандыруды бекітуді ұсынамын» – деді ол.

    Оның айтуынша, бұл бапта әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етудегі мемлекет ынталандыратын қоғамның қатысу нысандары келтірілген. Атап айтқанда, онда сақтандыру мен қайырымдылық көрсетілген, бірақ басқа маңызды нысан – азаматтардың жеке өтеусіз еңбегі көрсетілмеген.

    «Еріктілер төтенше жағдайлар кезінде, ауруханаларда көмектеседі, әлеуметтік салада қарттарды, балаларды, мүгедек адамдарды, қиын жағдайда отбасыларды қолдайды. Бұл бүкіл ел бойынша жұмыс істеп жатқан әлеуметтік қолдау жүйесінің маңызды  бөлігі» – деді Вера Ким.

    Депутат «волонтерлік» сөзі норманы логикалық түрде толықтыратынын, өйткені бұл жағдайда мемлекет тек ресурстар мен тетіктерді ғана емес, азаматтардың да қатысуын ынталандыратынын атап көрсетті.

    «Менбұлбастаманыбүкілеріктілерқозғалысының атынан көтеремін», – деді ол.

    Сондай-ақ Вера Ким сауалнамаларға сәйкес әрбір сегізінші қазақстандықтың волонтерлік тәжірибесі бар екендігін көрсететін деректерге тоқталды.Ресмимәліметтер бойынша, еріктілікке 300 мыңға жуық адам тартылған, 800-ден астам ұйыммен 3, 5 мың бастамашыл топ жұмыс істейді.

    «Біз үшін бұл жай ғана қызмет емес – бұ лбіздің қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатына қосқан үлесіміз» – деді депутат.

    Сонымен қатар ол қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы еріктілердің ерекше рөлін атап өтті.

    Вера Кимнің айтуынша, олар өздерінің нақты әрекеттерімен табиғатқа және қоршаған ортаға деген жауапкершілікке ұқыпты қараудың үлгісін көрсетеді. Аумақтарды тазарту, ағаш отырғызу, табиғи нысандарды сақтау және экологиялық білім беру бойынша еріктілер бастамалары арқылы табиғат құндылығы туралы практикалық түсінік қалыптасады.

    «Көптеген адамдар үшін мұндай жобаларға қатысу саналы экологиялық тәртіпке деген алғашқы қадам, алжастар үшін азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық игілікке құрметпен қараудың маңызды мектебі болып табылады» – деп атап өттіол.

    Вера Ким жаңа Конституция жобасында жоғары экологиялық мәдениеттің мемлекеттің іргелі қағидаты ретінде орнығуы қоғамдық қозғалысқа жүйелі және ұзақ мерзімді сипат беретінін атап өтті.

    Нәтижесіндеқоршағанортағақамқорлық бір реттікакцияғаемес, білім беру,құқықтықреттеужәнеқоғамдықбастамаларарқылықолдау көрсетілетін мемлекеттіксаясаттыңстратегиялықбағытынаайналады.

    «Азаматтар үшін бұл таза және қауіпсіз өмір сүру ортасы, денсаулықты қорғау және табиғи ресурстарды сақтаудан көрінеді. Волонтерлердің белсенділігі мен экологиялық мәдениетті конституциялық тұрғыда тану тұтастай алғанда әр адам елдің табиғаты мен болашағын сақтаудың қатысушысы болатын дамудың тұрақты моделін қалыптастырады» – деп түйіндеді ол.

    Ұсынымдар

    Президент: Халықтың табысы артуы үшін экономикалық өсім 6 пайыз болуы тиіс

    Президент: Халықтың табысы артуы үшін экономикалық өсім 6 пайыз болуы тиіс

    3 years ago
    Елімізде биылғы ҰБТ басталды

    Сынақтан сүрінсең де….

    6 months ago
    Дауысымен дараланды

    Дауысымен дараланды

    5 months ago
    Қонаев әкімі тұрғын үй мердігерін сынға алды

    Қонаев әкімі тұрғын үй мердігерін сынға алды

    2 years ago
    Ауа тазалығы басты назарда

    Ауа тазалығы басты назарда

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>