⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жақсылық жасау – жүректің ісі

    28.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жақсылық жасау – жүректің ісі
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Адами қасиеттің төресі әрі әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі – айналаңа қамқор болып, қайырым қылу. Өз еркіңмен елге жақсылық жасап, игі істе ерікті болу. Дәл осындай қырынан танылып, көптің сауабын алып жүрген Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұжымы мен студенттері Халықаралық қатерлі ісікке шалдыққан балалар күніне орай өткен қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысып, игі іске өз үлестерін қосып қайтты.

    Қазақстанда жыл сайын 500-600 баладан қатерлі ісік анықталады екен. Ал қатерлі дерттің дауасы – уақыт оздырмай, оны ерте анықтау, дер кезінде шара қолдану. Сондай-ақ уақытылы ем алса, балалар обыры емделетінін ел білуі керек. Осы шындықты халыққа жеткізу әрі қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, Түркістан облыстық балалар ауруханасының онкогематология бөлімшесі жанынан аурухана қабырғасындағы Smart School мектебін ашуға қаражат жинау мақсатында Алматы қаласында ауқымды іс-шара өтті.
    «Human Rights Lawyers» қоғамдық қоры, «Help Today» қоры, Әсел Байсейітова атындағы ABF қорлары бірлесе ұйымдастырған қайырымдылық жәрмеңкесіне Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің «Шебер қолдар» және «Этнодизайн» үйірме­лерінің жетекшілері Жансая Жақыпбай мен Мадина Тоққожаева студенттерімен бірге қатысты. Олар өздері жасаған қолөнер бұйым­дарын, әшекейлер мен кәдесый, ойыншықтарын жәрмеңкеге қойып, одан түскен қаржыны қайырымдылық қорына аударды. Сонымен қатар аталған игі іске колледждің еріктілер клубының мүшелері, сондай-ақ психолог-мамандары – Ж.Хабаева мен К.Құрманжан, жастар ұйымының президенті – Ернұр Нұрахмет, «Human Rights Lawyers» волонтерлік клубының мүшелігіне енген оқытушылар белсенді қатысып, өз үлестерін қосты.
    «Еріктілердің қоғамдық іске белсене араласып, әлеуметтік жауапкершілік­тің жарқын үлгісін танытып жүргені қуантады. Колледж студенттері – еріктілер аудандағы халықаралық волонтерлер жылының ашылуында да тыс қалмай, бастан-аяқ қатысып, мейірім мен жанашырлықтың маңызын айшықтай түсті. Салтанатты жиында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ерікті студенттері өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көпшілік назарына ұсынып, шеберлік сағатын өткізді. Әрбір туынды тек еңбек емес, жүректен шыққан жылу мен шынайы ниеттің көрінісі болды. Жақсылық жасау – жүректің ісі», – дейді волонтерлікті қарбалас жұмысымен қатар атқарып жүрген психолог-маман Жеңісгүл Хабаева.
    Расымен де, «Күш – бірлікте» деген бірауыз сөздің мағынасына мән беріп, игі істе күш біріктіре алсақ, ұлы мақсатқа жетелейтін үлкен өзгеріс өзімізден басталары анық.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Медиация – татуластыру тетігі

    Медиация – татуластыру тетігі

    4 months ago
    Білім саласы басты назарда

    Білім саласы басты назарда

    6 months ago
    Астананы көшіру – дер кезінде қабылданған тарихи шешім

    Астананы көшіру – дер кезінде қабылданған тарихи шешім

    3 years ago
    “Шанхай ондығы” елдері үшін басты бағыттар қандай?

    “Шанхай ондығы” елдері үшін басты бағыттар қандай?

    2 years ago
    ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

    ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>