⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Ақпан 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституция – жаңа серпіліс

    23.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Жаңа Конституция – жаңа серпіліс
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

             Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық  құрылтайда еліміздің саяси жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін Конституциялық реформа жүргізілетінін айтқан еді. Содан бері екі айдан аса уақыт өтті. Жаңа Конституцияның жобасы дайындалып,  бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Президент Жарлығымен  15 наурыз – Республикалық референдум өтетін күн деп белгіленді.

    Осы мерзім ішінде арнайы құрылған комиссия жаңа Ата Заң жобасындағы барлық баптар мен тармақшаларды жан-жақты талқылады. Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық тірегі саналатын маңызды құжатты қайта жазудан қоғам да бейтарап қалмай, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар өзара тығыз бірлесе жұмыс істеді.  Елінің ертеңі мен ұрпағының болашағына бей-жай қарамайтын мыңдаған қарапайым азамат өздерінің жеке     ұсыныстарын айтып, e-Otinish және eGov порталдары арқылы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға жолдады.

    Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде Парламент депутаттары мен үкімет мүшелері, танымал тұлғалар еңбек ұжымдары, жоғары және орта оқу орындарында оқитын студент жастармен кездесулер өткізіп, Конституциялық реформаның мән-мағынасын, оның еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және азаматтық тұрғыдан дамуы тұрғысынан маңызын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл кездесулерде қарапайым азаматтар да  өтініш-тілектерін айтып, өзгерістер жайында өз пікірлерін білдіруде.

      Бексұлтан КӨЛБАЕВ, Кеңдала ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

    – Жаңа Конституция жобасында жұртшылықтың көңілінен шыққан бір мәселе – құқық саласына басымдық беріліп отыр.  Адамның жеке басына тиіспеу, «Миранда ережесі» секілді ұғымдар бекітіледі екен.  Бұл – өте дұрыс және маңызды ұстаным. Өйткені адам құқықтары мен бостандықтары, тәртіп пен заңдылық қағидаттары сақталған қоғамда ғана өсу, өркендеу болып, халықтың мәдениеті дамиды, тұрмыс-тіршілігі жақсара түседі.   Конституцияның 7-бөліміндегі сот төрелігінің қағидаты ретінде қарастырылған кейбір ереже осы бөлімге адам құқықтарын қорғау кепілдігі ретінде ауыстырылып, дербес бапқа біріктірілген.

    Бұл – жеке тұлға міндеттерінің өзегін нақтылайды, цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғау, тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, әлеуметтік құқықтар күшейтіледі деген сөз. Ал  қызмет бабы бойынша және еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі деректер туралы мәлімет алған тұлғалар ол ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті екені Ата заңмен бекітілмек. Оларға дәрігер құпиясы, адвокат құпиясы, мойындау құпиясы, алдын ала тергеу құпиясы, нотариалдық әрекеттер құпиясы сияқты деректер, азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқын қорғау мәселесі жататынын ескерсек, қоғамда адам құқықтарын қорғау бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейетіні анық. Осылай алаятық, қорқытып-үркіту, бопсалау сияқты басқа да қылмыстық әрекеттердің  алдын алуға мол мүмкіндік туады.

    Ахат СОЛТАНҚҰЛОВ, Талғар аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

    – Жалпы Ата Заңға енгізілетін түзетулердің жиынтық жобасында Кіріспе сөз, 11 бөлім мен 96 бап бар. Бұрынғымен салыстырғанда, еліміздің саяси және мемлекеттік құрылысын айқындайтын ең басты құжатқа    «Халық кеңесі» және «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» атты екі жаңа бөлім енгізілген. Тағы 4 бөлімнің атауы өзгеріп, өзгерістер мен толықтырулар Ата заңның барлық бөлімдерін қамтыған. Ұзын саны 77 бапқа түзетулер енгізілген. Сарапшылардың айтуынша, осылай Конституция мәтінінің 84%-ы өзгеріске ұшырап отыр.

    Демек бұл – шын мәнінде Жаңа Конституция, жаңа серпіліс деген сөз! Ең бастысы, ол бүкіл халық дауыс беретін референдумда қабылданады. Сондықтан,  бұған ешкім бей-жай қарамай, саналы түрде белсенді қатысып, өздерінің конституциялық құқын пайдалана отырып, азаматтық парыздарын ұйымшылдықпен атқаруы керек. Өйткені қоғам сол арқылы өзінің болашағын айқындайды!

    Айтжамал НҰРБАТЫРОВА, Талғар аудандық аналар кеңесінің төрайымы:

    – Қоғам мүшелері білдірген ой-пікірлер мейлінше кең және тиянақты талқыланғанын  ескерсек, бұлардың бәрі терең ойластырылған және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына толық сәйкес келеді деуге болады.      Жалпы Қазақстанда жүргізіліп жатқан Парламенттік және Конституциялық   реформалар басқару жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы елді саяси жаңғырту, сол арқылы  мемлекеттіліктің орнықтылығын нығайтуға   бағытталғанын атап айтқан жөн.

    Өте бір маңызды мәселе – реформаны тереңдету аясында елдің берік идеологиялық бағытын қамтамасыз ету мақсатында Конституцияның негізгі кіріспесіне ұлттық құндылықтарымызды қамтитын өзгерістер енгізілген. Мұның бәрі тек демократиялық тұрғыдан ғана емес, ұлттық даму тұрғысынан да өте өзекті. Ең бастысы, шынайы демократиялық талаптарға жауап беретін бұл өзгерістер қоғам өмірін анағұрлым жаңғыртып, тұрмыс-тіршілікті жақсартады деген сенім күшейе бастады.

    Серік ДҮМШІБАЕВ, «АMANAT» партиясы Талғар аудандық филиалының төрағасы:

    –  Еліміздің саяси даму бағыттарын айқындап, Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістерді талқылау – ашықтық, жариялылық негізінде өтіп, халыққа тікелей эфирде көрсетілді. Демек, Тәуелсіз еліміздің кез келген азаматы бұл отырыстарда талқыланған мәселелерді комиссия мүшелерімен бір мезетте тыңдап, өздерінің ой елегінен өткізіп, ұсыныс-пікірлерін жолдауға кең мүмкіндік алды деген сөз. Солай болуы да тиіс еді. Себебі  ел мүддесі, ұлт мүддесі жолында болашағымызды айқындайтын аса маңызды саяси, тіпті әлеуметтік-экономикалық мәселелер талқыланған кезде мемлекеттік биліктің  бірден-бір негізі саналатын халқымыз одан тыс қалмауы тиіс. Осыны  әрбір азамат жан-жүрегімен сезініп, саналылықпен белсенді түрде қатысып,   өз ой-пікірін, нақты ұсынысын білдіргені және халықтың пікірі толық ескерілгені дұрыс.  Өйткені бұл Конституциялық реформа бірінші кезекте бүкіл Қазақстан халқының мүддесі үшін жүргізіліп жатыр.

    Жалпы Ата Заң бойынша азаматтар өздерінің сайлау және сайлану құқын нақты пайдалану арқылы өз өкілеттіктерін жүзеге асырады. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары халықтың сайлау науқандарына қатысу көрсеткіші төмендеп кеткенін көпшілік жақсы біледі. Ал мұндай науқандарға белсенді қатысу – жергілікті жерлерден бастап, ең жоғары билік ұйымдарына дейін білімді, білікті, отаншыл азаматтардың келуіне тікелей ықпал етеді. Сондықтан, тұрғындар қоғамдық-саяси өмірде белсенді болып, өз мүддесі мен бірге ел мүддесі үшін қабылданатын шешімдерге байыпты, сауатты және жан-жақты пікір білдіргендері жөн. Бүкіл әлем халық билігі санайтын – демократия дегеніміздің де басты талабы осы!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Маңызды қадам

    Маңызды қадам

    1 year ago
    Нақты әрі жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетті

    Нақты әрі жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетті

    4 weeks ago
    Тергеу барысы қатаң бақылауда

    Тергеу барысы қатаң бақылауда

    1 year ago
    Мал шығынының себебі анықталды

    Мал шығынының себебі анықталды

    2 years ago
    Әділдік жолындағы адал еңбек

    Әділдік жолындағы адал еңбек

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>