⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Ақпан 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституция жобасы талқыланды

    02.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Жаңа Конституция жобасы талқыланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған актив жиын өтті. Шараға аудан-қала әкімдері, басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

    Облыс әкімі кездесудің негізгі мақсаты Конституция жобасындағы өзгерістерді талқылау екенін атап өтті. Марат Елеусізұлы осы жылдың қаңтар айында еліміздің әр аймағынан әртүрлі сала өкілдерінен құралған 130 адамнан тұратын Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылып, азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан келіп түскен ұсыныстарды мұқият зерделеп, жаңа Конституцияның жобасын дайындағанын жеткізді. Бүгінгі басқосу жаңа заң жобасын талқылауға арналып отырғанына тоқталды.

    Жиында сөз алған облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғожаев Конституциялық реформа ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына негізделгенін айтты. Мәселен, Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа Жолдауында бір палаталы Парламент құру идеясы саяси жүйені кешенді жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру мақсатында айтылғанын, бір айдан кейін парламенттік реформаны жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылып, оның құрамына белгілі ғалымдар, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіргенін алға тартты. Азаматтар e-Otinish және eGov порталдары арқылы талқылауға белсенді қатысып, екі мыңнан астам ұсыныс жасалғанын, жуырда өткен Ұлттық құрылтай отырысында Президент жұмысты қорытындылап, алдағы өзгерістерді мәлімдегенін жеткізді.

    – Комиссия Конституцияның барлық бөлімдерін және 77 бапты (мәтіннің 84%) қамтитын негізгі түзетулерді қарады. Тұжырымдамалық өзгерістер адами құндылықтарды бекітуге, мемлекеттік саясатты нығайтуға және саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталған, – деп атап өтті өз сөзінде Қуат Байғожаев.

    Ол сондай-ақ жаңа Конституция жобасының негізгі ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Адамның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы болып табылатынын, бірлік, ынтымақтастық, этносаралық және конфессияаралық келісім, егемендік пен аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітілгенін айтты. Әділдік, заңдылық пен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары – дамудың негізгі бағыттары болып табылатынын жеткізді.

    Жаңа Заңдағы негізгі өзгерістердің бірі – 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент, демек, Құрылтай мен жоғары консультативтік орган ретінде Халық кеңесін, қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін Вице-Президент институтын құру болды. Бұл ретте  жиынға қатысушылар тарапынан да пікірлер ортаға салынды.

    Жиынды қорытындылған облыс әкімі барлық басқармалар мен департаменттердің басшыларына, аудандар мен қалалардың әкімдеріне жаңа Контитуция жобасын насихаттауда кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды. Халықпен кездесулер, еңбек ұжымдарымен ашық диалогтар, қоғамдық кеңестер мен азаматтық қоғам институттарының алаңдарында  пікіралмасулар өткізуді жүктеді.

    – Жұмыс мазмұнды болуы керек. Тек сенімді және ресми дереккөздерге сүйенген жөн. Бұрмаланған пікірлер мен мәлімдемелерге уақытылы жауап берілуі тиіс. Бұл ретте кәсіби сарапшыларды, заңгерлер мен қоғамның беделді өкілдерін тарту қажет. Тек осындай тәсіл азаматтардың саналы таңдау жасауына, жаңа Конституциялық реформаның шынайы құндылығы мен негізгі мәнін түсінуге мүмкіндік ашады, – деді Марат Сұлтанғазиев.

     Өз тілшіміз

    Ұсынымдар

    Отандық энергетиканың келешегі

    Отандық энергетиканың келешегі

    1 year ago
    АЭС – бұл экологиялық таза энергия көзі

    АЭС – бұл экологиялық таза энергия көзі

    1 year ago
    Сақманға студенттер келді

    Сақманға студенттер келді

    2 years ago
    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    3 years ago
    Өнім көлемін озық технология арттырады

    Өнім көлемін озық технология арттырады

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>