⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа Конституциямыздағы жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі, бағдар болатынына сенімді айта аламыз – Ерлан Қарин

    07.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Жаңа Конституциямыздағы жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі, бағдар болатынына сенімді айта аламыз – Ерлан Қарин
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.

    Оның айтуынша, кейбір азаматтар әлеуметтік желі арқылы «Әуреге түскенше, өзге елдің Конституциясын көшіріп ала салу керек қой» деген де пікірлерін жолдап жатыр.

    «Соңғы уақытта цифрландыру, цифрлық технология секілді мүлде жаңа бағыттардың дамып, өркендеуіне байланысты көптеген мемлекеттер тиісті нормаларды конституциялық-құқықтық жүйеге енгізуді ойластыруда. Біздің ел алғашқылардың бірі болып цифрлық деректерді қорғау нормасын Конституцияға енгізіп отыр. Яғни, жаңа мәтіндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да бола алады» – деп атап өтті Ерлан Қарин.

    Мемлекеттік кеңесші Конституцияның 21-бабының 1 және 2 тармақтарында жеке өмірге қол сұқпау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік берілетінін айтты.

    «Яғни, цифрлық кеңістікте жеке деректерді қорғауды адам құқықтарын қорғаудың жаңа өлшемі ретінде тұңғыш рет Конституцияда белгілеп отырған елдердің біріміз. Бұл – жаңа Конституцияның болашаққа бағытталғандығының тағы бір дәлелі» – деп нақтылап өтті ол.

    Ерлан Қариннің айтуынша, аймақтың құқықтық жүйесіндегі үлкен жаңашылдық – әйгілі Миранда ережесінің конституциялық деңгейде бекітілуі. Бұл өзгеріс азаматтардың құқықтық тұрғыдан қорғалуын арттырып, құқық қорғау органдарының қызметіне жаңа талаптар қояды.

    Сонымен қатар, жаңа саяси институттардың енгізілуі – Орталық Азия аймағы үшін ғана емес, жалпы айналамыздағы үлкен кеңістік үшін де саяси жаңашылдық болып саналады. Ерлан Қарин бұл тұрғыда бір палаталы парламент, вице-президент институты, «Халық кеңесі» жоғары консультативтік органы, Конституциялық соттың енгізілуі – көптеген елдердің саяси жүйесімен салыстырғанда, үлкен саяси инновациялық қадам екенін атап өтті.

    «Президент ұсынған конституциялық өзгерістерді тек қана жалпыхалықтық референдум арқылы жүзеге асыру бастамасы да – біздің аймақ үшін маңызды шешімдердің бірі. Көптеген лауазымды тұлғалардың қызметіне қатысты бір реттік мерзім белгілеу де – Ата Заң жобасындағы маңызды жаңашылдықтың бірі» – деп түсіндірді Мемлекеттік Кеңесші.

    Сондай-ақ, Мемлекеттік Кеңесші атап өткендей, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, қоршаған ортаны – табиғатты аялау, волонтерлік, ата-аналарға жауапкершілік секілді қоғамдық дамуда пайда болып отырған жаңа талаптар, құндылықтар жаңа Ата Заңда қамтылды. Бұл да жаңа Конституцияның қоғамның қазіргі жағдайына, даму деңгейіне сәйкес екенін көрсетеді.

    «Жаңа Ата Заңдағы бірқатар саяси және институционалдық жаңашылдықтар аймақтағы және әлемдік конституциялық тәжірибеде сирек кездеседі. Түйіндеп айтқанда, басқа елдердің Конституциясын көшіру, қайталау – біздің жолымыз емес. Керісінше, келешекте Қазақстан жаңа Конституция арқылы өзге елдерге өзіндік үлгі, бағдар болмақ» – деп қорытындылады сөзін Ерлан Қарин.

    Ұсынымдар

    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Әкімдік: Облысқа берілген ескі автобустар жөнделеді

    3 years ago
    Ата Заң өзгереді

    Ата Заң өзгереді

    1 week ago
    Ерлан Қарин Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының атқарған ісіне тоқталды

    Ерлан Қарин Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының атқарған ісіне тоқталды

    2 weeks ago
    Күй қыраны

    Күй қыраны

    1 year ago
    Ешбір өтініш аяқсыз қалмайды

    Ешбір өтініш аяқсыз қалмайды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>