⛅
6°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа мектепте – жаңа газет!

    19.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа мектепте – жаңа газет!
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Өткен жылы ғана пайдалануға берілген Ұмтыл ауылдық округіне қарасты Алмалыбақ ауылындағы жайлы орта мектепте оқу жылы басталған алғашқы күннен-ақ көңіл аударарлық көптеген іс-шара халық назарын аударып үлгерді. Жайлы мектеп, аты айтып тұрғандай, сапалы білім, саналы тәрбие берудің басты бағыттарын қарастырып, оқушылардың қабілет-қарымын арттыру жолында жасап жатқан шығармашылық ізденістері өмір талабына сайма-сай келеді. Оған көлденең тартар дәлеліміз де бар.
    Алмалыбақ ауылындағы жайлы мектеп биыл жақсы істің жанашыры болып отыр. Атап айтқанда, Қарасай ауданы ғана емес, облыс мектептері арасында бірінші болып «Мектеп LAFE» атты апталық мектеп газеті­нің алғашқы санын жарық­қа шығарды. «Келісіп пішкен тон келте бо­лмас» дегендей, мектеп ұжымы маңызы жоғары бұл мәселені кеңінен ойластырып, берік байлам жасаған. Журнал форматы үлгісіндегі 28 беттен тұратын мектеп газеті өзіндік көркемдігі­мен, мән беретіндей мәселе­лерімен бірден баурап алады. Мұнда басылымға байланысты бар талаптар қатаң ескерілген.
    Газеттің алдына қойған мақсаты да айқын. Ол – мектептің апталық өмірін, оқу-тәрбие үдерісін, жаңалықтары мен жетістіктерін оқушыларға, педагогтер мен ата-аналарға жүйелі түрде таныстырып отыру арқылы мектеп қоғамындағы ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру, мектеп өміріне деген қызығушылығын күшейте түсу әрі оқушылардың журналистика мамандығына қарай бетбұрыс жасауына ықпал ету.
    Расында да апталық газеттің мектептің айнасы екеніне анық көзіміз жетті. Ондағы арнайы айдарлармен берілген мақалалардың көтеріп тұрған жүгі де салмақты. Мұндағы жайлы мектеп директоры Жанар Әбдірахманованың осы газетке арнап шын жүректен шығарған өлеңі көп жайларды айтқызбай-ақ аңғартады. Газеттің редакциялық құрамы да мықтылардан жинақталған. Жоба жетекшісі, педагог-ұйымдастырушы – Жәния Сейілханқызы, бас редактор, ағылшын тілі пәні мұғалімі – Құралай Әбуқызы, тілші – Айғаным Серікқызы, фототілші – Мұхамет Қатранұлы, дизайнер – Нұрәли Мұратұлы.
    Апталық газеттің алғашқы санының тұсаукесер рәсімі де салтанатты жағдайда өтті. Ұмтыл ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Әйіп Ысқақов бастаған ақсақалдар газеттің тұсауын кесіп, редакция алқасына сәттілік тіледі. Ендігі жерде газет әр аптада шығып тұратын болады.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Алмалыбақ ауылы,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Байланыс нығаяды

    Байланыс нығаяды

    1 year ago
    Ұлттық дәстүр ұлықталды

    Ұлттық дәстүр ұлықталды

    2 years ago
    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    3 years ago
    Даму қарқыны жоғары

    Даму қарқыны жоғары

    1 year ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасын аралады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасын аралады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>