Перейти к содержимому
Главная страница » ЖЕТІГЕН ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУХАНАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖЕТІГЕН ЫҚШАМ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУХАНАСЫНДА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алатау қаласының Жетіген ықшам ауданында орналасқан ауруханада коалиция мүшелері Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ олардың міндеттері туралы кеңінен ақпарат берілді. Медицина қызметкерлері мен тұрғындарға заң үстемдігі, мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар ұсынылды. Аталған түсіндірме жұмыстары азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және Конституциялық құндылықтарды қоғамда кеңінен насихаттауға бағытталды.