⛅
-3°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНЫП ЖАТЫР

    14.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    ЖОЛДАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНЫП ЖАТЫР
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Еңбекшіқазақ ауданы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында аудандық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

    Аудан аумағындағы барлық ішкі жолдар, облыстық және республикалық маңызы бар жолдар, қоғамдық орындар, әлеуметтік нысандардың аумақтары, көлік аялдамалары қардан тазаланып, көктайғақтың алдын алу үшін жол жабындарына арнайы инертті материалдар себу жұмыстары жалғасып жатыр.

    «Тұрғындардың қозғалысына ыңғайсыздық тудырмау мақсатында аталған жұмыстар, яғни негізгі магистральдардан қар шығару жұмыстары түнгі және таңғы уақыттарда атқарылуда. Арнайы техникалар жұмылдырып, автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдары қардан тазартылып жатыр. Қар тазалау жұмыстарын үздіксіз жүргізу мақсатында түнгі кезекшілік ұйымдастырылды. Ауа райы жағдайына байланысты жолдарды қардан тазалау және күтіп-ұстау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады», – деген Еңбекшіқазақ аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержігіт Сәрсенбиев қар үрлеп тастайтын учаскелер де ерекше бақылауға алынғанын айтты. Ол учаскелерге республикалық маңызы бар «Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының 52-54, 56-60 шақырымдары, «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» тас жолының 126-192 шақырымы, сондай-ақ облыстық маңызы бар «Есік-Қырбалтабай-Жетіген» тасжолының біраз бөлігі мен Шелек ауылының шығыс бөлігі жатады.

    Жалпы, ауданда жолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстары бойынша үш мекеме қызмет көрсетеді. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 673 шақырымды қысқы мерзімде күтіп-ұстауға 24 бірлік техникасымен «Аван құрылыс» ЖШС жауапты. Халықаралық маңызы бар «Батыс Европа-Батыс Қытай» автомобиль жолының 14,4-171,4 шақырым аралығына 4 бірлік техникасымен ДЭУ-16 мекемесі, республикалық маңызы бар KZ05-99 «Алматы-Бәйтерек-Бәйдібек би-Лавар» автомобиль жолының 30-109 шақырым аралығына 11 бірлік техникасымен ДЭУ-21 мекемесі, республикалық маңызы бар «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» автомобиль жолының 126-192 шақырым аралығына аралығына 7 бірлік техникасымен ДЭУ-91 мекемесі қызмет көрсетеді.

    Ал аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, Есік қаласы бойынша 120 шақырымды қысқы мерзімде күтіп-ұстауға «Есік Сәулет» ЖШС жауапты. Мекеменің 21 бірлік техникасы мен 20 жол жұмысшысы қар тазалау жұмыстарына жұмылдырылады.

    «11-13 ақпан аралығында жолдарды қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр және 1712 куб қар шығарылды. Есік қаласы аумағындағы көшелерге 213 куб, ал аудан аумағы бойынша 1150 куб инертті материал себілді», – дейді Ержігіт Ерланұлы.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Ұсынымдар

    Байсеркенің балмұздағы – әлемдік нарықта

    Байсеркенің балмұздағы – әлемдік нарықта

    2 years ago
    Болашаққа деген сенімді ұштайды

    Болашаққа деген сенімді ұштайды

    2 days ago
    Саяжай тұрғындарымен кездесу: Бас жоспар мәселесі талқыға салынды

    Саяжай тұрғындарымен кездесу: Бас жоспар мәселесі талқыға салынды

    3 months ago
    Мемлекет меншігіне қайтарылды

    Қонаевта 4064 гектар жер мемлекетке қайтарылды

    1 year ago
    Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді

    Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>