⛅
4°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Адамға бағдарланған Ата Заң

    05.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум
    Адамға бағдарланған Ата Заң
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

      ​Конституция – мемлекетті нығайту мен адам құқықтарын қорғауда еліміздің бағыт беруші басты құжаты болып саналады. 15 наурызда біз жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі тарихи референдумға қатысамыз. Бұл – мемлекетіміздің болашағын айқындайтын, ел тағдырын белгілейтін аса жауапты кезең. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған ауқымды саяси реформалар Қазақстанның жаңа даму кезеңіне қадам басқанын айқын көрсетеді. Бұл реформалардың түпкі мақсаты – әділетті, ашық әріжауапты мемлекет қалыптастыру.
    ​Жаңа Конституция жобасы осы өзгерістердің заңды жалғасы, берік құқықтық негізі.Соңғы алты жылда елімізде жүйелі саяси реформалар жүзеге асты. 2019 жылы құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында төрт реформалық пакет қабылданып, 100-ге жуық нормативтік актіге өзгерістер  енгізілді. 2022 жылы бұл бастама Ұлттық құрылтай форматына ұласып, 28 заңнамалық акт қабылданды. Сондай-ақ Конституцияның 33 бабына 54 өзгеріс енгізіліп, бірқатар конституциялық заңдар мен кодекстер жаңартылды.Бұл реформалар қоғамды сырттан емес, ішкі сұраныс негізінде өзгертті. Бүгінде қоғам реформаның объектісі емес субъектісіне айналды. Жаңа Конституция –жаңарған қоғамның саяси мәртебесін бекітетін құжат. «Әділетті Қазақстан» және «Заң және тәртіп» ұғымдары енді жай идея емес,Конституциялық қағида деңгейіне көтерілуде.

     Біз бұл күндері жай ғана заңнамалық түзетулерді талқылап отырған жоқпыз. Біз мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа жауапкершілік келісімін айқындайтын құжатты қарастырудамыз. Жаңа Конституция жобасының өзегіндегі басты қағида – адамға бағдарланған мемлекет. Яғни мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, қадір-қасиеті, құқықтары мен бостандықтары. Мұны тарқатып айтатын болсақ, біріншіден, адамның өмір сүру құқығы, қадір-қасиетінің қорғалуы және жеке басына қол сұғылмаушылық Конституциялық деңгейде бекітіледі. Азаптауға, қатыгез немесе ар-намысты қорлайтын әрекеттерге жол берілмейді. Бұл – құқықтық мемлекеттің негізгі өлшемдерінің бірі.

          Екіншіден, заң алдында баршаның теңдік қағидасы сақталады. Ешкімді жынысына, ұлтына, тіліне, дініне, әлеуметтік жағдайына немесе өзге де белгілеріне қарай кемсітуге болмайды. Мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғауға міндетті. Үшіншіден, сот арқылы қорғану құқығы күшейтіледі. Әр азамат өз құқықтары мен заңды мүдделерін тәуелсіз және әділ сотта қорғауға құқылы. Құқықтық мемлекет қағидасын нығайту – жаңа Конституцияның басты бағыттарының бірі. Төртіншіден, саяси құқықтар кеңейтіледі. Азаматтардың сайлау және сайлану құқығы, бейбіт жиналыстар өткізу еркіндігі, пікір білдіру және бірлесу бостандығы конституциялық кепілдікке ие. Маңызды мемлекеттік мәселелерді референдум арқылы шешу – халықтың билікке тікелей қатысуының көрінісі. Бесіншіден,әлеуметтік құқықтар нақты айқындалады. Білім алу, денсаулық сақтау, еңбек ету, әлеуметтік қамсыздандыру құқықтары мемлекеттің нақты міндеттемесі ретінде қарастырылады. Отбасы, ана мен бала, мүгедектігі бар азаматтар мен әлеуметтік осал топтарды қорғау – мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігінің негізі болып қала береді.

    Демек, жаңа Конституцияда адам құқықтары тек декларативті нормалар ретінде емес, мемлекеттік саясаттың басты бағдары ретінде бекітіледі. Бұл «мемлекет адам үшін» деген қағиданың нақты құқықтық мазмұнмен толығуы. Сонымен қатар мен,педагог ретінде, жаңа редакциядағы білім,ғылым және инновацияны мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ретінде айқындау бастамасын толық қолдаймын. Бұл ұстаным білім мен ғылымды тек әлеуметтік сала ретінде ғана емес, елдің ұлттық дамуының, инновациялық экономикасының және стратегиялық-инвестициялық саясатының негізгі қозғаушы күші ретінде қарастыруды білдіреді. Мұндай көзқарас мемлекетіміздің зияткерлік әлеуетін арттыруға, сапалы адами капитал қалыптастыруға және жаһандық бәсекеге қабілетті ұлт тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам деп есептеймін.

     Жамбыл ауданының тұрғындары қашанда белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленіп келеді. Тарихи кезеңдерде де жауапкершілікті терең сезініп, алдыңғы қатардан көрінген. Қазір де сол биіктен табылуымыз қажет. Біз жай ғана мәтінге емес – елдің болашағына дауыс береміз. 15 наурызда әрқайсымыз азаматтық жауапкершілік танытып, ел тағдырына бей–жай қарамай, маңызды тарихи таңдау жасауымыз керек. Қоғамның өз ішінен өніп шыққан бұл құжатты халықтың басым көпшілігі қолдайтынына сенімім мол.

    Райхан Жәнібекова,

    Жамбыл аудандық «Жас ұлан»  

    оқушылар үйінің директоры

    Соңғы жаңалықтар

    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚОСӨЗЕН АУЫЛЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНДАҒЫ №12 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    Адамға бағдарланған Ата Заң
    05.03.2026
    Коалиция мүшелері №18 орта мектеп ұжымымен кездесті
    05.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>