☀️
9°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақынның көзін көрген

    19.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ақынның көзін көрген
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Жамбыл ауданындағы Үмбетәлі Кәрібаевтың әдеби-мемориалды музейінде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Қарасаздың қыраны» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Ақиық ақынның шығармашылығын өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатындағы шара өзгеше форматта ұйымдастырылды.

    Кезінде Мұқағали атаның көзін көріп, қолтаңбасын алған, ол аз десеңіз, ақынның жары Лашын Әзімжанқызының шәкірті болған танымал суретші, ақын Әуелбек Ысқақ кештің құрметті қонағы ретінде келді. Музей қызметкерлері қатысқан шара барысында Әуелбек Мұсахан­ұлы өзінің қызықты естеліктерімен бөлісті. Ол ақынды алғаш рет Алматы қаласындағы №9 мектеп-интернатында оқып жүрген кезінде көріпті.
    «Бұл 1975 жылдың көктем айы болатын. Сыныптасым Ерік Асқаров екеуміз сабақтан қашып кетіп, жатақханадағы бөлмемізді ішінен кілттеп алып, бар дауысымызбен Мұқағалидың «Өмірдастан» кітабындағы өлеңдерін жатқа оқып отырғанбыз. Бір кезде сыртқы есікті біреу тарсылдатты. Біз қорқа-қорқа есікті ашсақ, алдымызда Лашын апайымыз тұр. Ол біздің сабақтан қашқанымызды біліп, әдейі іздеп келген ғой, қазір дедектетіп директорға апаратын болды деп қорқып тұрмыз.
    Бірақ Лашын апай өйткен жоқ, ақырын ғана күліп: «Ерік, Әуелбек, мына оқып жатқан өлеңдерің кімдікі екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз Лашын апайдың өзіне өкпе арта сөйлеп: «Ой, апай, сіз не, атақты Мұқағалиды білмейсіз бе? Бұл сол кісінің өлеңі ғой», – дедік. Ол кісі бізге жаймен ғана: «Жарайды, балалар, ары қарай оқи беріңдер», – деп кетіп қалды. Ертесіне біз үшін таңқаларлық жағдай болды. Түстен кейінгі сабаққа дайындық кезінде Лашын апай біздің сыныбымызға келіп, Ерік екеумізге сыртқа шығып кетуімізді өтінді. Шықсақ, дәлізде Мұқағали аға тұр. Ол кезде Лашын апайымыз Мұқаңның жары екенін біз қайдан білейік? «Мына екі бала сенің өлеңдеріңді жатқа оқып жүр, өздерінің де ақындық қабілеті бар», – деп таныстырды. Сол жолы апайымыздың арқасында ақыннан қолтаңба алдық. Ерікке не деп жазғанын білмедім, ал маған берген қолтаңбасында «Әуелбек! Өлең де өнер, сурет те өнер, бірақ екі кеменің….» деп жазылған. Лашын апай менің суретшілік қабілетім бар екенін Мұқаңа айтса керек. Сондықтан ақын екі кеменің басын ұстама дегенді меңзегені сол ғой деп ойладым. Бір өкініштісі, сол кітап қолдан-қолға өтіп жүріп жоғалып кетті. Ал Еріктің кітабы қазір М.Мақатаевтың музейінде тұр», – деді ол.
    Әуелбек Ысқақ атақты ақынмен екінші кездесуін де қызықты әңгімелеп берді. Ол да сол жылдың күзінде болыпты. Жазушылар одағы мектеп оқушылары арасындағы жас ақын-жазушылармен кездесу өткізеді. Шараға №9 мектеп атынан Әуелбек пен Ерік қатысады. Жас ақындарды сол кездегі танымал ақындар бөліп-бөліп, әр кабинетте сабақ өткізеді. Ерік екеуіне ақындық жайлы Қадыр Мырзалиев әңгімелеген.
    «Сабақ арасындағы бес-он минуттық үзілісте дәлізде тұрған Мұқағали Мақатаевты көрдік. Ерік өте пысық, епті жігіт еді. Мұқаңа жақындап, Лашын апайдың оқушыларымыз ғой деп жамырай амандасты. Мұқаң жымия күліп, арқамыздан қағып, өлеңді қалай жазып жүргенімізді сұрады. Сосын сабаққа қайта кіріп кеткен кезде, ақиық ақын дәлізде қалып қойды», – деді Ә.Ысқақ.
    Әуелбек Мұсаханұлы 1976 жылдың қаңтарында Мұқағалиды үшінші рет көргені туралы былай деді: «Аптаның сенбі күні мен Алматыдан Жамбыл ауданындағы өзім туып-өскен қазіргі Үмбетәлі ауылына бару үшін Сейфуллин көшесінің бойымен төмен түсіп келе жатқанымда тура алдымнан үстінде қара пальтосы бар, бас киімсіз, ірі денелі Мұқағали кездесті. Жүгіріп барып амандастым. Мұқаңның есінде мен сияқты қай қазақ баласының аты қалды дейсің? Лашын апайымның оқушысы, өзім атақты Үмбетәлінің немересі екенімді айтып жатырмын. Үмбетәлі дегенде Мұқаң маған бір түрлі ойлы көзбен қарап, «А, жақсы, жақсы. Жолың болсын!» деп ары қарай жүріп кетті. Ақынды ең соңғы көргенім сол болды. Бұл бір естен кетпейтін сәттер ғой. Айтпақшы, Мұқағалидың жырларын жатқа білуіміздің арқасында біз Лашын апаймен өте сыйлас болып кеттік. Ол кісі мектепте тәрбиеші болып жұмыс істеді. Бірақ анда-санда белгілі бір себептермен сабаққа келмей қалған ұстаздардың орнына бізге қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беретін. Ондайда бүкіл сынып болып Лашын апайға Мұқаңның өлеңдерін жатқа білетінімізді мақтана жеткізіп, сабақ барысын өлең оқуға бұрып жіберуші едік. Осы айтқаныма дәлел керек болса, қазір жастары жетпіске таяп қалған сыныптастарым сөзімді растайды».
    Әдеби-танымдық кештің қонағы 1960 жылдардың басында Үмбетәлі мен Мұқағалидың жолыққанын әңгімелеп берді. Оны сол кездегі Жамбыл аудандық Мәдениет үйінің режиссері Қанағат Қарашев, өзінің анасы Зейнеп Үмбетәліқызы және қазір жасы сексеннен асқан Үмбетәлі ауылының тұрғыны Әділхан Өмірбаевтың өз ауыздарынан естіпті. Қанағат Қарашев кезінде бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жалын» журналына көлемді мақала да жазған.
    «Қанағат Қарашевтың айтуы бойынша, Ұзынағашқа бір топ ақынмен бірге қыдыра келген Мұқағали Үмбетәліге арнайы барып, сәлем беруді ұйғарады. Мұқағалиды Үмбекеңнің жары Мәриям апай күнде көріп жүрген көптің біріне санап: «Үмбетәлі қатты сырқаттанып жатыр, мазасын алмаңдар», – деп үйіне кіргізбей қойған екен. Содан олар Үмбетәлі атаның үйіне қарама-қарсы орналасқан, Әділхан Өмірбаевтың шаңырағына барады. Әділханның анасы Шайбала апа Алматыдан келген ақындарға барынша сый-құрмет көрсетіп дастарқан жаяды.
    Сөз арасында Мұқағали сонша жерден келіп тұрып Үмбекеңді көрмей кеткеніміз қиын болды ғой деген өкінішін білдіреді. Сосын сол үйде жүрген сегіз-тоғыз жасар Төрехан деген баланы шақырып алып, «Үмбетәлінің үйіне барып, домбырасын сұрап алып келші» деп жұмсайды. Ондағы ойы өзін көрмесе де, домбырасын ұстап кетейік деген ырымы болса керек. Бала Үмбекеңнің үйіне барып: «Ата, Алматыдан ақындар келіп, сіздің домбыраңызды сұрап жатыр», – дейді. Науқастанып жатқан Үмбетәлі жастықтан басын шалт көтеріп: «Әй, ол менің домбырамды сұратып жатса бекер адам емес болар, шақырыңдар үйге», – дейді. Сөйтіп Мұқаң Үмбетәлінің дастарқанынан дәм татып, біраз сырласқан екен. Сол кезде ауылдың шетінде тұратын менің анам, яғни Үмбетәлінің қызы Зейнепті шақыртып, қонақтарға шай даярлатқан. Бұл сөзді анамның өз аузынан да талай естігенмін», – деді ол.
    Кеште Әуелбек Мұсаханұлына өз шығармашылығы туралы да сұрақ қойылды. Ол ақындық пен суретшілік жолды қатар алып келе жатқанын айтты. ҚазПИ-дің көркем-сурет графика факультетін 1980 жылы бітірген. Содан бері мектепте сурет пәні мұғалімі, кейіннен нағашы атасы Ү.Кәрібаев музейінің меңгерушісі болып зейнетке шықты. ҚР Суретшілер одағының мүшесі ретінде көптеген республикалық, облыстық суретшілер көрмесіне, мәдени іс-шараларға қатысқан. Ақындықтан құралақан емес, төрт поэзиялық, екі тарихи-танымдық кітаптардың авторы. Кезінде Есенқұл Жақыпбектің шәкірті болып жүргенде бірнеше айтысқа түскен. Газеттерде жарияланған мақалаларының өзі бір төбе. Әлі де шығармашылықпен айналысып келеді. Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай шағын графикалық портреті мен Хантәңірі тауының көлемді кескіндемесін салды.

    Аида Ысқақова,
    Үмбетәлі Кәрібаев музейінің меңгерушісі
    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ақынның көзін көрген
    19.03.2026
    Ұлыс күні аясында
    18.03.2026
    Әрбір шешім маңызды
    18.03.2026
    Жаңа Конституция қабылданды
    18.03.2026
    Екі амбулатория ел игілігіне берілді
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>