⛅
2°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті

    04.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум
    Әлеуметтанулық сауалнама электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS
    Конституция жобасын қолдау деңгейі

    Қазақстандық қоғамдық даму институты алдағы референдум туралы халықтың хабардарлығы мен Жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейін зерделеу жөнінде әлеуметтанулық сауалнама жүргізді.

    📢Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтетіні туралы халықтың хабардар болу деңгейі

    Телефон сауалнамасының нәтижесіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 81,8%-ы елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткізу жоспарланып отырғанын біледі, олардың 33,7%-ы референдум туралы жақсы біледі, ал 48,1%-ы бұл туралы естіген, бірақ егжей-тегжейлі білмейді. Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум туралы ештеңе естімегендер үлесі – 17,1%.

    Сауалнамаға қатысқандар арасында жалпы хабардарлықтың жоғары көрсеткіші, оның ішінде референдум туралы естігендер үлесі Жамбыл (89,7%), Шығыс Қазақстан (87,8%), Қызылорда (89,1%), Батыс Қазақстан (88,1%) облыстары мен Алматы қаласында (87,6%) жоғары.

    Телефон сауалнамасы нәтижелері көрсеткендей, жастар жоспарланған референдум туралы жақсы хабардар (44,8%). Бұл ретте аға буын да егжей-тегжейін білмесе де (51,7%), жалпы жоғары хабардар екенін көрсетті.

    Сондай-ақ жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өткізу туралы хабардарлық деңгейі респонденттердің білім деңгейімен де байланысты. Азаматтардың білім деңгейі жоғары болған сайын, хабардар болудың жалпы көрсеткіші де артады. Мысалы, жоғары білімі бар сауалнамаға қатысқандардың 86,7%-ы қандай да бір дәрежеде референдум өткізу туралы естіген болса, орта арнайы, кәсіптік білімі бар сауалнамаға қатысқандардың 74,3%-ы референдум туралы хабардар.

    Телефон сауалнамасына қатысқандардың басым көпшілігі (76,9%) елдегі саяси реформалар мен саяси өзгерістер туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден (Tik-tok, Telegram, Instagram, Facebook, ВКонтакте және т.б.) алатынын көрсетті. Ал үштен бірі (33,3%) мұндай жаңалықтарды интернет-сайттардан біледі. Сауалнама қатысушыларының 20,5%-ы теледидарды ақпарат көзі ретінде атап өтті.

    🗳️Сауалнама жоғары электоралдық белсенділік деңгейін көрсетті

    «Сіз Жаңа Конституция жобасы бойынша референдумға қатысуды жоспарлап отырсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің басым бөлігі – 72,8%-ы – оң жауап беріп, бұл олардың азаматтық парызы екенін атап өтті. Азаматтардың 17,9%-ы әлі референдумға қатысып-қатыспайтыны туралы нақты шешім қабылдамағанын айтты. Ал респонденттердің 9,3%-ы референдумға қатысуды жоспарлап отырған жоқ.

    Жоғары әлеуетті электоралдық белсенділік Түркістан (82,7%), Батыс Қазақстан (78,6%), Қарағанды (78,1%), Қызылорда (76,1%), Жамбыл (75,0%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (75,0%) байқалды.

    Референдумға қатысуға ең жоғары дайындықты жастар (82,2%) мен 29-45 жас аралығындағы азаматтар (76,3%), сондай-ақ жоғары білімді (74,4%) және жалпы орта білімді (75,0%) респонденттер көрсетті.

    Алынған деректерге сәйкес, қазақстандықтардың көпшілігі – 89,2%-ы – Жаңа Конституция жобасын қолдайды. Олардың ішінде, сауалнама қатысушыларының 52,8%-ы жобаны толықтай қолдайтынын, ал 36,4%-ы жобаны қолдауға бейім екенін айтты. Ал әртүрлі себептермен Жаңа Конституция жобасын қолдамайтын немесе әлі таңдауын жасамағандар үлесі бар-жоғы – 10,8%.

    🔎2026 жылғы 12-20 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ қоғамдық пікірге сауалнама жүргізді.
    Зерттеу Қазақстанның ересек халқын (18 жастан асқан) жынысы, жасы, елді мекен түрі және тұратын өңірі бойынша көрсететін ұлттық іріктеме негізінде жүргізілді.
    Іріктеме жиынтық көлемі – 1200 респондент. Телефон арқылы сауалнама жүргізу аумағы 17 облысты және республикалық маңызы бар 3 қаланы (Астана, Алматы, Шымкент) қамтыды. Байланыс стационарлық және мобильді телефон нөмірлері арқылы жүзеге асты.
    Сауалнама ҚР ОСК-ның ресми хабарламасына сәйкес жүргізілді.

    Ұсынымдар

    Бекзат болмыс

    Бекзат болмыс

    3 months ago
    Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдар қабылданды

    Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдар қабылданды

    3 years ago
    Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

    Ұрпақ тәрбиесіне бәріміз жауаптымыз

    1 year ago
    Жемқорлықсыз болашақ

    ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ – АДАЛ ҚОҒАМҒА АЛАТАУДАН БАСТАМА

    3 months ago
    Өнеркәсібі өркендеген

    Өнеркәсібі өркендеген

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>