Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының сағат 14-00-дегі мәліметі бойынша Алматы облысы тұрғындарының 56,13 пайызы дауыс берген.
Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының дерегіне сәйкес, өңірде дауыс беру процесі қалыпты режимде өтіп жатыр. Облыс аумағындағы барлық референдум учаскелері уақытылы ашылып, өз жұмысын жалғастыруда. Жекелеген референдум учаскелерінде дауыс берудің басталу және аяқталу уақыты өзгеше белгіленуі мүмкін. Бұл азаматтардың уақытша болу орындарындағы («жабық») учаскелерге қатысты. Облыс бойынша мұндай учаскелердің саны – 36 және барлығында дауыс беру аяқталды. Өңірде референдум заң талаптарына сәйкес, тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр. Құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.




