☀️
-1°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында қызылшаға қарсы вакцинаның 44 мың дозасы бар

    13.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Алматы облысында қызылшаға қарсы вакцинаның 44 мың дозасы бар
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Қызылша – өте жоғары жұқпалылық деңгейімен сипатталатын жедел вирустық инфекциялық ауру. Қызылшадан қорғанудың ең тиімді және сенімді жолы – вакцинация. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі көпжылдық тәжірибемен дәлелденген. Қазіргі уақытта Алматы облысында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 6–11 айлық балаларды қосымша иммундау жүргізілуде. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева мен Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Қапсаламова айтты.

    Қызылша қауіптілігі бөртпенің өзінде емес, оның асқынуларында. Ауру пневмония, бронхит, ларингит сияқты тыныс алу жүйесінің ауруларына, сондай-ақ жүйке жүйесінің зақымдануына әкелуі мүмкін. Сирек жағдайда энцефалит немесе бірнеше жылдан кейін дамитын склероздаушы панэнцефалит сияқты ауыр асқынулар кездеседі. Сонымен қатар ортаңғы отит, кератит, стоматит, диарея және сусыздану сияқты жағдайлар да орын алуы мүмкін.
    Мамандардың айтуынша, қызылшаға қарсы арнайы вирусқа қарсы дәрі жоқ. Сондықтан емдеу негізінен симптомдарды жеңілдетуге бағытталады: қызу түсіретін дәрілер, А дәруменін қабылдау және жеткілікті мөлшерде сұйықтық ішу ұсынылады.
    Ал, дерттің алдын алудың ең тиімді жолы-екпе. Бүгінгі күні Алматы облысында 11 480 баланың 6 685-і, яғни 58 пайызы вакцина алды. Сонымен қатар 336 медициналық қызметкер егілді. Қалпына келтіруші иммундау аясында 18 жасқа дейінгі 1 137 бала вакцинацияланды, бұл жоспарланған 3 212 баланың 35 пайызын қамтып отыр.
    «Ұлттық профилактикалық екпелер күнтізбесіне сәйкес облыста вакцинация жүргізу үшін 318 егу пункті, 76 жылжымалы бригада және медициналық ұйымдар мен мектептердегі егу кабинеттері жұмыс істейді»,-деді Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева.

    Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәулет Қапсаламованың сөзіне сүйенсек, облыс бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 36 ұйым бар, олардың 33-інде вакцинация жүргізіледі. Бүгінгі күні өңірде қызылшаға қарсы вакцинаның 44 мың дозасы бар.
    Жұқпалы ауруларға арналған төсек-орын қоры облыс бойынша 301 орынды құрайды, оның 186-сы балаларға арналған. Қажет болған жағдайда қосымша 246 төсек-орын ашылған, оның ішінде 142-сі балаларға арналған.
    2026 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша қызылша диагнозымен стационарда 7 бала ем қабылдауда, амбулаториялық бақылауда тағы 8 бала бар. Барлық науқастардың жағдайы тұрақты, тиісті ем қабылдап жатыр.
    Облыста қызылша ауруының алдын алу және халықты қорғау бағытында кешенді жұмыстар жалғасуда.

    Соңғы жаңалықтар

    Ақтерек тұрғындарымен кездесті
    13.03.2026
    Алматы облысында қызылшаға қарсы вакцинаның 44 мың дозасы бар
    13.03.2026
    Казахский Национальный Университет имени Аль-Фараби: университет, формирующий интеллектуальную повестку страны
    13.03.2026
    Цифрлық көктем «Digital Nauryz»: Қазақстан Наурызды цифрлық форматта қарсы алады
    13.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ДИДАРЛАСТЫ
    13.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>