Референдум күні Іле ауданындағы учаскелердің бірінде болған ерекше көрініс тұрғындардың назарын аударды. Учаскеге келген екі дауыс беруші «Аңдар шаһары» анимациялық мультфильмінің кейіпкерлері – қоян Джуди Хопс пен түлкі Ник Уайлдтың костюмін киіп келді.
Ерекше образдар учаскеге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Әсіресе балалар мен жастар сүйікті мультфильм кейіпкерлерімен суретке түсті.
Креативті бейнеде келген азаматтар дауыс беруге қатысып, өз таңдауларын жасады. Олар учаскедегі атмосфераны жандандырып, есте қаларлық әсер сыйлады.
Айта кетейік, референдум күні Іле ауданындағы бірқатар учаскелерде түрлі әлеуметтік және мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Тұрғындардың белсенділігі жоғары.




