Іле ауданы Жәпек батыр ауылындағы №407 референдум учаскесінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмзе Исаев дауыс бере отырып, саяси науқанға қатысты пікірін білдірді.
– Референдум – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын тарихи сәт. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, қоғам өміріне белсенді қатысуы қажет. Бұл – баршамызға ортақ жауапкершілік. Мұндай сәтте халықтың бірлігі мен ынтымағы ерекше көрінеді, – деп бұл саяси науқанның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Елге сыйлы ақсақал жастарды ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді араласуға шақырды. Оның айтуынша, халықтың бірлігі мен ынтымағы мемлекет дамуының негізгі тірегі болып саналады.
Айта кетсек, Іле ауданындағы №407 референдум учаскесінде дауыс беру науқаны талапқа сай ұйымдастырылып, тұрғындар өз таңдауларын жасауда. Сайлаушыларға барлық қажетті жағдай қарастырылып, дауыс беру үдерісі ашық әрі қалыпты жағдайда өтуде.
Құралбек Сәбитов
Іле ауданы




