☀️
25°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 29, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ардагерлер қолдау танытты

    03.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Лебіз, Референдум, Саясат
    Ардагерлер қолдау танытты
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы халыққа кеңінен түсіндірілуде. Міне, осы мақсатта Қарасай аудандық ардагерлер және «Асыл ана» ұйымдарының төрағалары бас қосып, «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция құру жөніндегі бастамаға қолдау танытты.

    Басқосуда аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сағат Мәсімақынов ХІ бөлім, 96 баптан тұратын Конституцияның жаңа жобасын сарапқа салып, жан-жақты түсіндіріп берді. Сонымен қатар 15 наурызда өтетін референдумның да маңыздылығына тоқталып өтті.

    «Жаңа Конституция – адамның құқықтары мен бостандықтарын, азаматтардың болашағын қамтитын маңызды құжат. Оның ең басты рөлі – қоғамдық келісімді нығайту және елдің тұрақты дамуына негіз қалау. Жаңа заң жобасы негізінде Қазақстан халқы кеңесі құрылады. Ол Ұлттық құрылтай мен Ассамблея жұмыс істейтін алаңдарды біріктіріп, қоғамдық мүдделерді бір ортақ платформада дамытуға мүмкіндік береді. Бұл – ел бірлігін, тыныштығын әрі болашаққа деген сенімін арттыратын маңызды қадам. Байқағанымыздай, азаматтар жаңа жобаны қолдайды. Өйткені, жаңа Конституция халық қауіпсіздігін, балаларымыздың болашағын қамтамасыз ететін құқықтық құжат»,  – деді Сағат Ұлтарақұлы.

    Жиында Ұмтыл ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Әйіп Ысқақов, аудандық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Серік Расмұханбетов, Іргелі ауылдық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Қалиахмет Көшкінбаев, Шамалған ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Қанат Қатубаев, Бекболат ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Бақытжан Әлменбетов сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасын туралы өз ойларын ортаға салды. Олар жобаның басты басымдығы, құндылығы туралы айтып, Ата Заңның халық үшін қашанда ардақты екенін жеткізді. Референдумға дейін халықпен насихат жұмысын белсенді жүргізетіндерін де айтып өтті Аудан ардагерлерінің бұл басқосуы жаңа Конституцияға деген жауапкершілік пен қолдаудың айқын да ашық көрінісі болды.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ,

    Қаскелең қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында 1171 ұйымда өндірістік кеңес құрылды
    29.04.2026
    Басты назар — адам капиталында
    28.04.2026
    Қазақ киносының Құлагері: Абдолла Қарсақбаевтың ғасыр тойы басталды
    28.04.2026
    Қостанайда ең ауқымды «QOSTANAI TECH» отбасылық ғылыми-инновациялық фестивалі өтеді
    28.04.2026
    Ауыл аманаты: Алматы облысында ауыл кәсіпкері айына 60 мың кірпіш өндіреді
    28.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>