☀️
16°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Асыл сөз – ұрпаққа өнеге

    27.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Асыл сөз – ұрпаққа өнеге
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарасай ауданына қарасты Долан ауылындағы жайлы мектепте балабақша тәрбиеленушілері арасында «Асыл сөз ­– ұрпаққа өнеге» тақырыбында мақал-мәтел және санамақ байқауы өтті. Мақсаты – бүлдіршіндердің сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

    Бүгінде Қарасай ауданында 203 балабақша бар болса, олардың басым көпшілігі жекеменшік мекемелер. Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаеваның бастамасымен қолға алынған «Әдепті бала – арлы бала» бағдарламасы аясында өткізілген бұл байқауға меншік түріне қарамастан көптеген балабақша қатысуға ниет білдірген.
    Мақал-мәтел ­– халық даналығының қазынасы, өмір тәжірибесінен туған ойдың көрінісі дейтін болсақ, қысқа да нұсқа айтылып, салт-дәстүр мен дүниетанымды айшықтайтын сөз өнерін бүлдіршіндердің санасына сіңіру – тәрбиедегі аса маңызды құрал екенін мойындауымыз керек.
    Байқауды Шамалған бөбекжай-балабақшасынан келген «Қыран-би» тобы тамаша қойылыммен ашты. Осыдан кейін бес жұптан сахнаға көтерілген бүлдіршіндер экрандағы суреттен өз таңдауын жасап, достық, бірлік, Отан, туған жер, білім, тәрбие, еңбек, өнеге, отбасы, ата-ана жайлы мақалдар айтудан жарысқа түсті.
    «Мен күнделікті қызметіме керек болғаннан кейін бала психологиясы мен дефектология ғылымын зерттегенімде, қазақ халқының мақал-мәтелдері, жұмбағы мен санамағының пайдасы зор екенін анық аңғардым. Осы ұлттық құндылықтармен тәрбиеленген балаларда аталған мәселелер өздігінен шешіліп жатады. Мына байқауды өткізуіміздің басты себебі де осы!» ­­– ­ дейді Әсел Әбілеқызы. Байқауда бірінен кейін бірі сахнаға көтеріліп, балдай тәтті тілдерімен онға дейін жаңылмай санаған балалардың сөзі де, ойы да жүйрік болатынына көз жеткіздік.
    Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша қатысушыларға Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді. Ал бас жүлдені «Бал-су бөбек» балабақшасының тәрбиеленушісі Іңкәр Мәлік, бірінші орынды «Babi Boss B» балабақшасынан Аңсар Мырзақұл, екінші орынды «Хан ААС» балабақшасынан Раяна Әлсейітова, ал үшінші орынды «Брусничка» балабақшасының бүлдіршіні Айла Болат жеңіп алды. Сонымен қатар «Тіл шебері», «Мақал майталманы», «Ойлы оқырман», «Сахна жұлдызы», «Сөз мергені», «Үздік қатысушы» номинацияларының жеңімпаздары анықталып, барлығына бағалы сыйлықтар берілді.
    Ең бастысы, ана тілінде сөйлеп, ұлттың рухани құндылықтарын құрметтейтін бүлдіршіндердің өсіп келе жатқаны көңілімізге қуаныш ұялатты.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы қалай тағайындалады?
    27.03.2026
    Саябақ аумағында – тегін интернет
    27.03.2026
    Ғасыр биігіндегі мектеп
    27.03.2026
    Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты
    27.03.2026
    «Нұрпейіс оқулары»
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>