⛅
15°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Аудан әкімі аналарды қабылдады

    09.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мереке
    Аудан әкімі аналарды қабылдады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Көктемнің нұрлы шуағына шомылған халықаралық әйелдер мерекесі – аналарға деген құрмет пен ілтипаттың айрықша айшықталған сәті. Осы бір көңілдерді желпінтіп, жүректерге жылылық ұялататын мерейлі мерекеге санаулы сағаттар қалғанда Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев әр ауылда ғұмыр кешіп жатқан ардагер аналарды қабылдап, мерекеге лайық құрмет көрсетті.

    Кездесуге арнайы шақырылған аналардың алды 90 жасты алқымдаса, кейінгілері 70-тің ішін аралап кеткен, саналы ғұмырларын қарапайым еңбекпен өріп, күш-жігерлерін еселі еңбекпен шыңдаған,ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан аяулы жандар. Біреулері алып тракторларды тізгіндеп, шаруашылықтың сан-салалы науқандық жұмыстарының бел ортасынан табылса, енді бірі ақтылы қой өргізіп, мал санын өз төлі есебінен көбейтуге қажыр-қайратын жұмсады. Сиыр сауып, сүттен бұлақ ағызды. Жаздың аптабы, жаңбыр мен желдің өтінде егін, шөп, картоп суарып, өнім молшылығы жолында тер төкті. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласында да асыл аналарымыздың еңбегі зор. Кездесу барысында аналардың қоғам, мемлекет алдындағы ерен еңбектері айрықша атап өтілді.

    – Ардақты да аяулы, асыл аналар! Мына жарық дүниеде ананың мейіріміне жететін ешнәрсе жоқ. Бір қолмен бесікті, бір қолмен әлемді тербеткен қасиеттеріңізді ешнәрсемен теңгеруге болмайды. Бар саналы ғұмырларыңызды елдің еңсесін көтеруге, берекесін арттыруға, ұрпақ тәрбиесіне арнаған еңбектеріңіз өлшеусіз. Ауданымыздың тарихындағы жетістіктердің бәрі де сіздердің маңдай терлеріңіз бен табандылықтарыңыз арқылы қаланғанын жақсы білеміз. Бүгінгі ұрпақ сіздердің аналық мейірімнің шуағымен нұрланған жұмсақ жүректеріңізді, аялы алақандарыңыз бен ақ ниет, ыстық ықыластарыңызды ырыс пен ынтымақтың құрамдас бөлігі ретінде бағалайды. Сондықтан сіздер қай қоғамда болсын, қандай құрметке де лайық жансыздар, – деген аудан әкімі аналарды төл мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, ғибратты ғұмыр, отбастарына амандық, шаңырақтарына шаттық тіледі.

    Мерекелік бас қосу барысында ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігі де әңгіме өзегіне айналды. Аспантау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, барлық саладағы жетістіктер, жүзеге асырылған жоспарлы жобалар, алдағы уақытта атқарылуға тиіс іс-шаралар мен маңызды міндеттер жайлы аудан әкімі жан-жақты хабардар етті. Бас қосуда емен-жарқын әңгімелесіп, ортақ ой бөліскен асыл жандарға рақмет айтты. Қоғамның дамуы мен ұрпақ тәрбиесі, елдің береке-бірлігі жолындағы ізгілікті істеріне ризашылық білдіріп, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Естелік сыйлықтар тапсырды.

    Сөз кезегі келгенде ардақты аналар да өз ой, пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салды. Аудандық аналар кеңесінің төрағасы Балжан Омарова, «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Гүлнара Әріпова, қызылшекаралық Күлдәрия Алтынбекова, қақпақтық Базарқан Теміржанова, сарыбастаулық Люба Құлбаева сынды еңбек ардагерлері ниет-тілектерін білдірді. Бүгінгідей еншісі ерек мерекеде өздеріне орны бөлек құрмет көрсетіп отырған аудан әкіміне, ел тізгінін ұстап жүрген азаматтарға шынайы ризашылық пен жүрек жарды алғыстарын айтып, еңбектеріне табыстар тіледі.

    Осы күні Б.Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінде аналар мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді. Шара барысында ақ ниет, ыстық ықыластар арнасынан асып-тасты. Ауданның барлық саласында абыройлы еңбек етіп жүрген ақ жаулықты аналар, қыз-келіншектер Райымбек ауданы әкімінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталды. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары аналарға әсем ән, көркем билерін тарту етті.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ,

    Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны
    09.03.2026
    Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті – сауалнама
    09.03.2026
    Аудан әкімі аналарды қабылдады
    09.03.2026
    Шаруалар қолдау танытты
    09.03.2026
    Коалиция өкілдері жол құрылысы жұмысшыларымен кездесті
    09.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>