☀️
10°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Балаларды қуантты

    27.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Балаларды қуантты
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ұлыстың ұлы күні облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданына барып, ондағы Наурыз тойына қатысты. Сондай-ақ Қызылқайрат ауылындағы «Ақ жол-М» балаларды оңалту орталығы және Кеңдала ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталығына барды.

    Алдымен «Ақ жол-М» балаларды оңалту орталығының жұмысымен танысып, ерекше күтімді қажет ететін балалар дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Өнерлі балаларға өз атынан бағалы сыйлықтар табыстап, оларды сауықтырумен айналысып жатқан қызметкерлерге алғысын білдірді.
    Өз кезегінде «Ақ жол-М» қоғамдық қорының төрайымы Рушангүл Тоқтахунова Наурыз мерекесі тойланып жатқан тұста орталыққа келіп, балаларға сыйлық табыстап, қуантқаны үшін аймақ басшысына ризашылығын жеткізді.
    Бұдан соң облыс әкімі Кеңдала ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау орталығына барды. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау орталығының негізін қалаушы әрі оның жетекшісі Зухра Серікқызы аймақ басшысына бұл орталықтың мақсаты, атқарылып жатқан жұмыстары және алдағы жоспарлары жайында айтып берді. Кездесіп жатқан қиындықтарды да жасырған жоқ. Мысалы, орталық әлі күнге дейін күнделікті тұрмысқа аса қажетті ауызсуды тасымалдап жеткізеді екен. Сондай-ақ орталық жұмысын кеңейту үшін ғимараттың тар екенін де ашық айтты.
    Мұны естіген облыс басшысы тиісті мекемелерге екі апта ішінде ғимаратты орталықтандырылған су құбырына қосу жөнінде шұғыл тапсырма берді. Ал орталық аумағын кеңейту бойынша мәселені жүйелі түрде шешуді тапсырды.
    Одан кейін Марат Елеусізұлы аудан әкімдігі Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған салтанатты шараға қатысты. Табиғаты тамаша тау байрайында орналасқан Жастар саябағында шын мәнінде ине шаншарға орын жоқ. Қызылды-жасылды, көзге өте ыстық әрі әсем көрінетін ұлттық киімдегі үлкен-кіші бір-бірімен шүйіркелесе амандасып, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп жатты. Бір жағында жас балуандар боз кілем үстінде белдесіп жатса, тағы бір жағында арқан тартыс қыза түскен. Наурызкөже, ет, палау, кәуап сияқты ас түрлерін дайындап, қонақтарға ұсынып жатқан сауда нүктелерінде есеп жоқ. Ал үлкен сахнада аудан өнерпаздары құлақтан кіріп бойды алатын әуезді ән шырқап, қоңыр домбыраның шанағынан күмбірлеген күй төгілуде. Осынау мерекелік көңіл-күйде аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев аудан халқын мерекемен құттықтады.
    – Наурыз мерекесі – ұлтымыздың рухани болмысы мен өмір салтының айнасы. Күн мен түн теңеліп, табиғат түлеп, Жер-Ана жаңғырған осы кезеңде адам баласының да жандүниесі жаңарып, болашаққа деген сенімі нығая түседі. Ата-бабаларымыз бұл күнді «жыл басы» деп ерекше қастерлеп, оны татулық пен бірліктің, ырыс пен берекенің бастауы деп бағалаған. Сондықтан да бұл мейрам жақсылық пен молшылықтың жаршысы саналады.
    Биылғы Наурыз мейрамы еліміз үшін тарихи маңызға ие. Өйткені біз Жаңа Конституция негізінде ел дамуының жаңа кезеңіне қадам бастық. Ата Заңымызға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар мемлекетіміздің демократиялық даму жолын айқындап, әділетті қоғам қалыптастыруға берік негіз қалайды. Бұл – ел бірлігін нығайтып, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қадам.
    Талғар өңірі облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып келеді. Табиғаты көркем, мүмкіндігі мол аймақтарымыздың бірі. Біздің басты міндетіміз – ел Президенті белгілеген стратегиялық бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асырып, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру.
    Биыл Наурызнама онкүндігінің аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығы ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, оны жас ұрпақтың санасына сіңіруге бағытталған. Бұл бастамалар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, елжандылық қасиеттерді дәріптеуге зор ықпал етеді. Алдымызда әлі де атқарылатын міндет көп. Біз ауданның инфрақұрылымын жақсартуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды, білім және денсаулық сақтау салаларын дамытуды басым бағыт ретінде жалғастыра береміз. Әрбір бастама халық игілігіне қызмет етуі тиіс. Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз Талғар өңірін одан әрі гүлдендіріп, көркейтіп, дамыған аймаққа айналдырамыз, – деді Марат Елеусізұлы.
    Аймақ басшысының Ұлыстың ұлы күнін талғарлықтармен атап өтуі аудан тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлады.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
    27.03.2026
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    27.03.2026
    Баспанамен қамтылды
    27.03.2026
    Қарадаладағы той
    27.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>