☀️
-1°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Баспана кілті табысталды

    13.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Баспана кілті табысталды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласында әлеуметтік осал топтағы 50 азаматқа «Comfort» тұрғын үй кешенінен жаңа баспана кілті табысталды. Игі шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, пәтер иелерін қоныстоймен құттықтады.

     – Тұрғындар үшін сенімді болашақ пен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі. Бүгінде облыс бойынша 70 мыңға жуық адам үй кезегінде тұр. Оның ішінде әлеуметтік осал топқа жататындар саны – 21 510 адам. Өткен жылы 27,5 млрд теңгеге 1700 үй сатып алынды. Оның 1500-і әлеуметтік осал топтарға, қалғаны жалпы кезекте тұрған жандарға арналған. Сондай-ақ биыл 2500 пәтерге ұсыныс беріліп,  оның 246-сын сатып алуға 5,3 млрд теңге қаражат бөлінді. Жалпы жыл соңына дейін 2 мыңға жуық облыс тұрғыны жаңа баспанаға қол жеткізеді. Одан бөлек жергілікті бюджет есебінен 80,6 мың шаршы метр болатын 1018 пәтерлі 20 несиелік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, – деген облыс әкімі қаншама отбасыны шаттыққа бөлеп, пәтерлердің уақытылы табысталуына себепші болған мердігер «GS QURYLYS» компаниясына ризашылығын айтты.

    «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Қуаныш Ұласбековтің айтуынша, Қонаев қаласы әкімдігі наурыз айына дейін 120 пәтерді иелеріне тапсыруға ұсыныс берген. «Қазіргі таңда 100 азаматтың тізімі нақты шықты. Ай соңына дейін қалған 20 адам пәтер иесі атанады. Облыс орталығындағы баспаналардың бәрі жалға берілді. Мұндай мүмкіндік биыл бірінші рет болып тұр. Осыған дейін пәтерлер тек несиеге рәсімделген. Мысалы, Еңбекшіқазақ ауданында 1 шаршы метрі 160 мың теңгеге бағаланып, 20 жылға дейін 2-5 пайызбен берілуде. Одан бөлек Қарасай, Талғар, Іле және Жамбыл аудандарында да осындай несиелік пәтер кілттері иелеріне табысталуда, – деді Қуаныш Серікұлы

    Баспана бақытына бөленген жанның бірі – көпбалалы ана Мая Қасымова: «Үй кезегінде тұрғаныма 12 жыл болды. Бес перзентім бар. Пәтерге қолым жеткеніне өте қуаныштымын. Осындай мүмкіндік берген облыс және қала әкімдігіне алғысым шексіз», – деп жылы лебізін білдірді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Қоныстой

    1 of 1
    - +

    1.

    Соңғы жаңалықтар

    Өрт сөндіру бекеті ашылды
    13.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    13.03.2026
    Ел қуанышы еселенді
    13.03.2026
    ОРК: азаматтардың өтініштері бойынша комиссиялардың шешімдеріне шағымдар түспеген
    13.03.2026
    Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
    13.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>