☀️
16°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Батамен ел көгерер

    27.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Батамен ел көгерер
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс «Ауыл» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Батамен ел көгерер» атты облыстық батагөйлер байқауы мәресіне жетіп, марапаттау рәсімі өтті.

    Қатысушылар жолдаған бата­лардың бейне­нұсқасы «Ауыл» партиясының облыстық филиалы тарапынан қабылданып, жинақталды. Қонаев қаласы мен аудандардан 22 бата ұсынылды. Қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бата дәстүрін дамыту және оның қоғамдағы тәрбиелік маңызын арттыру мақсатында өткен байқауды қорытындылауға арналған басқосуда алғашқы сөз «Ауыл» партиясының өңірлік аппарат басшысы, облыстық мәслихат депутаты Қанат Бекиевке берілді.
    – Бата беру дәстүрі – халқымыздың рухани қазынасының ажырамас бөлігі. Ақ тілек, ізгі ниет, өнеге мен тәрбиенің қайнар көзі. 2023 жылдан бастау алатын бұл жоба ұлттық дәстүрді жаңғыртудың жарқын үлгісіне айналды. Содан бері үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін нығайтуға бағытталған байқау еліміздің әр өңірінде өтіп, халықтың зор қолдауына ие болып келеді. 2024 жылы облыстық кезең жеңімпазы Бақытжан Атагелдиев республикалық байқауда І орынды иеленіп, мерейімізді үстем етті. 2025 жылы ол көрермен көзайымы атанып, партия атынан Манкент шипа­жайына жолдама жеңіп алды. Бұл біздің өңірдегі батагөй азаматтардың деңгейі жоғары екенін айқын көрсетеді, – деді Қанат Ботайұлы.
    Келесі кезекте қазылар алқасының төрағасы, ақын Ізтілеу Тойшыбайұлы сөз алып, әрбір қатысушының өз өнерін, таланты мен еңбегін барынша көрсете білгенін және оларға кәсіби тұрғыдан баға беріліп, үздіктер іріктелгенін айта келе, байқау жеңімпаздарын таныстырды.
    Қазылар алқасының шешімімен Талғар ауданы атынан қатысқан Жанар Құрманғалиева 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды Қонаев қаласының намысын қорғаған Берік Байлов иеленсе, жүлделі 3-орынды Райымбек ауданының қатысушысы Көпірәлі Әлғожа еншіледі. Сонымен қатар байқауға белсенді қатысқаны үшін Еңбекшіқазақ ауданының өкілі Асқар Тыныбеков пен Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылының тұрғыны Қартбаба Момбеков ынталандыру сыйлығына ие болды. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен дипломдар табысталды.
    «Ауыл» партиясы Қонаев қалалық филиалының төрағасы Базарбай Оралбаев пен аталған партияның белсенді мүшесі Жанат Алтынғадас облыстық кезеңнің жеңіпаздарына алдағы республикалық байқауда жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіспен оралуына тілектестік білдірді.
    Ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыр­тып, жас ұрпақтың рухани тәрбиесін нығайтуға бағытталған маңызды шара әжелер ансамблінің концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы қалай тағайындалады?
    27.03.2026
    Саябақ аумағында – тегін интернет
    27.03.2026
    Ғасыр биігіндегі мектеп
    27.03.2026
    Digital Qazaqstan 2026: ЕҮАК қатысушылары Қазақстанның цифрлық индустриясы жетістіктерімен танысты
    27.03.2026
    «Нұрпейіс оқулары»
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>