🌧️
15°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Бұлақ көрсең, көзін аш

    23.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Экология
    Бұлақ көрсең, көзін аш
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Наурызнама онкүндігіне орай 23 наурыз – Тазару күні ұлттық экологиялық науқанға арналған. Осыған байланысты республиканың түкпір-түкпірінде тазалық акциялары кең көлемде жүргізіліп жатыр. Еңбекшіқазақ ауданы да шет қалған жоқ. Бүгін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданға келіп, Түрген шатқалындағы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық  экологиялық акциясына қатысты.

    Игі іске бастамашы болған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне қарасты «Қазсушар» РМК бас директоры Ануар Өскенбаевпен бірге еңбекшіқазақтықтар туған жердің табиғатын аялап, Түрген шатқалында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

    «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейтін халқымыз «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында Түрген шатқалындағы «Киелі бұлақтың» айналасын қоқыстан тазартып, жас шыбықтарды отырғызды.

    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында туған жерімізді аялап, экологиялық мәдениетті дамыту, қоғам назарын табиғатқа бұру еліміздегі экологияға қатысты бірталай түйіткілді мәселенің шешімі болары сөзсіз. Осы бағыттағы іс-шаралар мен тазалық акцияларына белсенді қатысып, қолдау біодірген азаматтарға мың алғыс. Бүгін Алматы облысында алты жерде «Мөлдір бұлақ» акциясы қарқынды жүріп жатыр» – деді өңір басшысы Марат Елеусізұлы.

    Аудандағы мекемелердің қызметкерлері, жастар мен еріктілер – бас-аяғы акцияға 300-ден аса адам атсалысып, әп-сәтте айналаға жаңа көрік беріп, табиғаттың жаңа жылмен бірге түлеп, жаңаруына өз үлестерін қосты.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жаңа жол, жаңа жыл: «Көшпенділер қалашығында» 3500-ден астам адам Наурызды тойлады
    23.03.2026
    Президент Тазару күніне орай үндеу жасады
    23.03.2026
    Республика жастары «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысуда
    23.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш
    23.03.2026
    “Табиғатқа тағзым” акциясы: Алатауда игі істер атқарылды
    23.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>