☀️
4°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарадаладағы ағайын ел тарихындағы айтулы күнді есте қаларлықтай ерекше өткізуді ойластырыпты. Әрбір сала, әр буын өкілдері бүгінгі референдумға ерекше дайындықпен келуде. Оны әрбір дауыс беру учаскелеріндегі тұрғындардың белсенділігінен байқауға болалы. 

    Ауданымыздағы «Қарадала орман шаруашылығы» қызметкерлері шын табиғат жанашырлары екенін тіпті бүгінгі референдум күні де дәлелдеді. Олар Шонжыдағы Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектепке келіп, бірауызбан өз таңдауларын жасаған соң, мектеп ауласына ағаш отырғызды. Әрине көк талды кез келген уақытта отырғызуға болады. Бірақ орманшылар дәл осы күнді бекер таңдамаған сынды.

    Бұл туралы Қарадала орман шаруашылығының басшысы Айдос Адабайұлы: «Бүгінгі күн – ел тарихындағы айтулы күн. Себебі Ата Заңымыздың жаңа нұсқасын бекіту үшін ел болып атсалысудамыз. Демек біз болашығымыздың іргетасын өз қолымызбен қалаудамыз. Мемлекет басшысының осындай маңызды қадамдарды халықпен ашық талқыға салып, халықтың таңдауына қоюы аса көрегендік деп білемін. Ағаш отырғызу ең әуелі азаматтық белсенділікті арттырып, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға тарту болса, екіншіден, болашақ ұрпаққа бүгінгі тарихи күннің ескерткіші ретінде қалдыруды жоспарладық. Тал күннен-күнге, жылдан жылға өседі, өркен жаяды, мәуелі бәйтерекке айналады. Саясына балаларымыз келіп тыныстайды. Мемлекетіміз де дәл сол ағаштай тамырын тереңге жайып, мықты, мығым болса деген тілегіміз де бар біздің. Сондықтан да біз «Қарадала орман шаруашылығы» мекемесінің қызметкерлері білім ордасына 30 түп ағаш отырғызуды жөн көрдік», – деп өз ойымен бөлісті.

    «Дауыс бер, өз ағашыңды отырғыз» акциясы шынымен де көпке үлгі, өнеге көрсететін шара болды. Аудандағы тарихи білім ордасының жаңа ғимаратының ауласында енді 15 наурызда отырғызылған 30 түп ағаш жайқалып өспек. Орманшылардың бұл әрекетіне мектеп директоры Берікбай Атагелдиев те ризашылығын білдірді. Табиғат жанашырларына алғысын айтып, жас талдарды жауапкершілікпен күтіп-баптайтындарына сендірді.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Егіз ұстаздар жастарға үлгі көрсетті
    15.03.2026
    Алматы облысында 700 мыңнан астам тұрғын дауыс берді
    15.03.2026
    Қоғамдық кеңес төрағасы ұстанымын білдірді
    15.03.2026
    Іле ауданында «Ана бейнесі» фотокөрмесі ұйымдастырылды
    15.03.2026
    Референдум: Қонаевта қоғамдық көлік тегін қатынады
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>