Перейти к содержимому
Главная страница » ДЕПУТАТ ДАУЫСЫ

ДЕПУТАТ ДАУЫСЫ

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттары өздері тіркелген учаскелерде жаңа Конституцияға байланысты таңдауларын жасауда. Жергілікті мәслихаттың депутаты Сәуле Әлімқұлова да көпшілікпен бірге тиісті референдум учаскесіне барып, өз дауысын берді.
«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Бұл Қазақстанның болашағы үшін қажетті шара. Дауыс беру құқығына ие әрбір азамат мұны жақсы түсінеді ғой деп ойлаймын. Солардың қатарында мен де дауыс беру орнына келіп, келешек ұрпақ үшін өз таңдауымды жасадым. Біз келер ұрпаққа әр азаматы мақтан тұтатын, өркендеген, әділетті Қазақстанды қалдыруымыз керек. Бәрімізді біріктіретін осы асқақ арман болуы керек. Осы арманға, яғни болашақта азаматтары білімді, ғылымды меңгерген, инновацияға арқа сүйеген, технологиясы дамыған елдердің қатарынан орын алатын Қазақстанды құруға бәріміз бірге атсалысуымыз керек, — дейді Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты Сәуле Кеңесқызы.
Серік САТЫБАЛДИЕВ
Жамбыл ауданы