☀️
12°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Домбыраның үнін ұққан

    28.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Домбыраның үнін ұққан
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгінде қай елде білім алғың келсе де, ешқандай тосқауыл жоқ. Өзінің қабілет-қарымы арқылы осындай мол мүмкіндікті тиімді пайдаланып жүрген жастардың бірі – Ерол Алган. Ол Америка Құрама Штаттарынан Қазақстанға арнайы келіп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жатқан ізденімпаз студент. Оның таңдауы – тек білім алу ғана емес, сонымен бірге жаңа орта мен мәдениетті сынды терең тануға деген ұмтылыстың айқын көрінісі.

    Еролдың ұлттық құндылықтарымызға құрметі ерекше. Ол қазақ тілін еркін меңгеріп, сауатты жаза алатын деңгейге жеткен. Америкалық студенттің айтуынша, қазақ тілі – өте бай әрі әуезді тіл, сондықтан оны үйрену оған үлкен қызығушылық тудырған. Сонымен қатар қазақтың ұлттық өнеріне де бейжай қарамайды. Атап айтқанда, домбыра тартуды үйреніп, күй орындап жүр. Домбыраның үнін тек музыкалық аспап ретінде емес, халықтың тарихы мен рухының көрінісі ретінде қабылдайды.
    Жас студент Қазақстанға алғаш келгенде, жергілікті халықтың қонақжайлығы мен ашықтығы оның тез бейімделуіне ықпал еткен. Ерол бес тіл меңгерген. Ағылшын тілі – оның ана тілі. Немісше мектепте оқыған. Ал түрікше, орысша және қазақ тілдерін университетте жүріп үйренген.
    «Қазақ жастарының мейірімділігі мен бір-біріне әрдайым көмекке дайын тұратыны мені ерекше тәнті етті. Осындай кең жүректі, жанашыр достар тапқаныма қуаныштымын. Қазақстанда жүргеніме бір жарым жылдай уақыт болды, осы аралықта бұл елдің тұмса табиғаты мені өзіне баурап алды. Әсіресе табиғаттың сан алуандығы мен ерекше сұлулығы таңданысымды арттыра түсті. «Жер – таусылмайтын қазына» деген сөздің мәнін мен дәл осы елде тереңірек түсінгендеймін. Қазақстан мен үшін тек табиғатымен ғана емес, кең пейілді адамдарымен де ерекше ыстық елге айналды», – дейді Ерол Алган.
    Ерол тұрған қазақ отбасы оған домбыра сыйға тартқан. Осы аспап арқылы ол қазақтың дәстүрлі өнеріне одан әрі жақындай түсті. Оның ең алғаш үйренген күйі – «Көңіл толқыны». Сонымен қатар «Ер-Тұран», «Ақсақ киік» және «Ерке Сылқым» күйлерін де меңгерген. Ол тек күй тартып қана қоймай, қазақ әндерін де шырқайды. Оның репертуарында «Ана туралы жыр», «Әке туралы жыр», «Құстар әні», «Балапан қаз», «Балқадиша» және «Япырай» сияқты халыққа кеңінен таныс әндер бар.
    Осындай жастар мәдениеттер арасындағы алтын көпір іспетті. Сол арқылы халықтар бір-бірін жақынырақ танып, жете түсінеді. Америкадан келген Ерол да екі ел арасындағы достықты нығайтуға өз үлесін қосып келеді.

    Айжан Есжанова

    Соңғы жаңалықтар

    «Көктем-2026» шақырылымы – шекарада!
    28.03.2026
    Шекарашы ардагерлер Наурызды тойлады
    28.03.2026
    Махаббат мәні
    28.03.2026
    Домбыраның үнін ұққан
    28.03.2026
    Түтін жұтқан тұншығады
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>