☀️
3°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Екі ауылдағы қос қуаныш

    14.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Көрісу күні қарсаңында ауданымызда бірнеше ақжолтай жаңалық болды. Солардың бірі – Ават және Тиірмен ауылдарында ашылған дәрігерлік амбулаториялар. 2024 жылы құрылысы басталған медицина мекемелері ұлы мереке қарсаңында есігін айқара ашып, ел игілігіне жұмыс істеуге табысталды.

    Елімізде азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар жүзеге асырыла бастағанын, ол бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару жөніндегі комитеттің тапсырмалары шеңберінде қолға алынғанынан хабардармыз. Дәл осы қайтарылған активтер есебінен ауданымыздың Кіші Дихан, Тиірмен, Ават ауылдарына дәрігерлік амбулатория, Дардамты, Шырын ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пунктер құрылысы басталған болатын. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталды. «Бірінші байлық – денсаулық» дейді халқымыз. Ават пен Тиірмен ауылдарында ашылған дәрігерлік амбулаториялар ауылдағы әрбір тұрғынның медициналық көмекті дер кезінде алуына үлкен септігін тигізбек.

    Қос ауылдағы қуанышқа аудан әкмі Бота Елеусізова, аудан прокуроры Ғабит Тұрмановтар арнайы барып, ауылдағы ағайынның қуанышына ортақтасып, құтты болсын айтып қайтты.

    Әуелі Ават ауылында ашылған дәрігерлік амбулаторияға ауыл тұрғындары тайлы тұяғы қалмай жиналыпты. Қуаныштарында шек жоқ. Бұрын қабырғасы қақырап тұрған ескі ғимартта сығылыса отыратын ақ халатты абзал жандардың да жүзі жадыраңқы. «Алматы облыстық құрылыс басқармасының» тапсырысымен 324 миллион қаражатқа салынған құрылысты «Тунас» ЖШС жүргізген. Орталықта 50 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар. Бір дәрігер мен 14 орта буынды қызметкер жұмыс істейді. Тиірмен ауылындағы ғимараттың құны да 310 миллион шамасында. Мұнда да бір дәрігер мен 13 орта буынды қызметкер халықтың денсаулығын сақтауға өз үлестерін қоспақ.

    448,8 м2 аумақты алып жатқан екі ғимараттың ішінде шағын ауыл үшін қажеттінің бәрі бар. Электрокардиограф аппараты, жүрек ырғағының жасанды жүргізушісі кардиостимулятор, физиокабинет пен күндізгі бөлімге арналған төсек-орын, арнайы қан талдауын алатын бөлме, сақтау орындары, әйелдерді қарау бөлмесі сынды алғашқы көмек көрсетуге қажетті жабдықтар мен бөлмелер қарастырылған.

    Аудан әкімі Бота Серікқызы мен аудан прокуроры Ғабит Қонысбекұлы және ауылдың ақсақалдары ақжарма тілектерін ақтарды. Ұлы мереке қарсаңында ашылып отырған дәрігерлік амбулаториялардың тұрғындардың денсаулығын жақсартуға, аурудың алдын алуға өз септігін тигізетініне сенім білдірді. Қариялар ақ батасын берсе, әз әжелер шашу шашып, тойдың көрігін қыздырды. Келген қонақтар әр кабинетті аралап көріп, ризашылықтарын білдіріп, осы құрылыстың жүруіне үлес қосқан әр азаматқа алғыстарын арқалатып жатты.

    Анар Дүйсенбайқызы,

    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді
    14.03.2026
    Қарадаладағы игі іс
    14.03.2026
    Кешірім айы
    14.03.2026
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    14.03.2026
    Жүрекке жылу сыйлады
    14.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>