Райымбек ауданы Қызылшекара ауылының тұрғыны, «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің иегері Күлбара Бәшебаева № 783 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
«Бүгін мен еліміздің болашағына қатысты маңызы зор саяси науқан – жаңа Конституцияның жобасына байланысты өтіп жатқан референдумда өз таңдауымды жасадым. Бұл – әрбір азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін көрсететін үлкен тарихи сәт. Біз талай кезеңді бастар өткердік. Елдің дамуына адал еңбегімізбен үлесімізді қостық. Бүгінгі ұрпақтың бейбіт, берекелі қоғамда өмір сүруі – бәріміздің ортақ тілегіміз.
Мен де ел болашағына бейжай қарамайтын азамат ретінде дауыс беріп, өз парызымды орындадым. Еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел болсын деген тілектемін!» – деді құрметті ана.
Жұмабек Тәліпұлы
Райымбек ауданы
