⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Наурыз 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел ертеңі үшін

    16.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Ел ертеңі үшін
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Референдум күні таңсәріден Қонаев қаласындағы учаскелерге дауыс берушілер ағылып келіп жатты. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін қоғамдық көліктер тегін жүрді. Алғашқылардың бірі болып таңдау жасаған жандарға сыйлық та табысталды. Осындай акция өткен №947 учаскенің комиссия төрағасы Гүлзат Тағанбаева бұл шара тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, дауыс берушілердің белсенділігін арттырғанын айтты. Сыйлық алған жандар да қуанышқа кенеліп, алғысын білдірді.

    Алғашқы болып дауыс берген­дер­дің қатарында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те болды. Аймақ басшысы №949 референдум учаскесінде таң­дауын жасап, бұл күннің ел үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.
    «Өзім тіркелген референдум учас­кесіне барып, облыс тұрғыны әрі осы елдің азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Әр азаматтың дауысы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына негіз болады», – деген Марат Елеусізұлы аймақта бұл науқанды ұйымдастыру үшін ауқымды жұмыс атқарылғанын баяндады. Айтуынша, облыста барлығы 677 референдум учаскесі ашылған. Дауыс беру процесін жүргізуге тартылған 4806 маман арнайы оқудан өткен. Сондай-ақ 16 қоғамдық ұйым өкілі бақылау жүргізді. Учаскелердің басым бөлігі азаматтарды тексеру жүйесіне қосылған. Облыс бойынша референдумға қатысу құқығы бар 1 миллионнан астам азамат тізімге енген. Ерекше қамқорлықты қажет ететін жандардың кедергісіз дауыс беруіне мүмкіндік жасалып, учаскелерде арнайы еңіс жол, ыңғайлы кабиналар мен көру, есту қабілеті нашар жандарға арналған көмекші құралдар мен белгілер орнатылған.
    Облыс орталығында референдум ерекше оқиғалармен есте қалды. «Алматы – Өскемен» күрежолының бойындағы сәулеті келіскен ғимарат­та қоныс тепкен «Тұлпар» ретро­салонының басшысы, белгілі кәсіпкер, меценат, Қонаев қаласының Құрметті азаматы Мұратбек Сіргебаев дауыс берудің алғашқы минуттарында учас­кеге ретрокөліктермен шерулетіп келіп, өз таңдауын жасады. «Халықтың көңіл-күйін көтеру мақсатында авто­шеру ұйымдастырдық. Біз бұған дейін де қалада өткен түрлі шараға шама-шарқымызша атсалысып жүрміз. Референдум күні де қалыс қалған жоқпыз», – деген ол «Әжелер» ансамблі бастаған бір топ өнерпазды ретрокөлігіне мінгізіп, барлық учаске­лерді аралап шықты. Олар референдум учаскелерінің алдында өз өнерлерін ортаға салды.
    Қала тұрғыны Дарын Адай дауыс беруге қазақтың ұлттық шапанын киген робот-досымен бірге келді. «Қазіргі таңда технология күннен-күнге дамып келеді, тіпті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Робот – соның айқын дәлелі. Сондықтан референдумға онымен бірге келуді жөн санадым. Осылайша, адамдарға жағымды әсер сыйлауды қаладым», – деді ол. Сондай-ақ қар барысының бейнесінде дауыс беруге келген жан тұрғындар назарына ілікті. Бұл бейне қазақ халқы танымында батылдық, тәуелсіздік ұғымдарымен байланысты. Креативті азамат бұл әрекеті арқылы Алматы облысының символы саналатын қар барысының қасиетін түсіндіріп, ел үшін маңызды сәтті ерекше атмосферамен көмкергісі келгенін айтты.
    Қонаев қаласындағы учаскелер­де күні бойы дауыс берушілер толас­таған жоқ. Олардың қатарында жас буыннан бастап, егде жастағы қарт кісілер де, елге танымал тұлғалар да болды.
    Қазақстан Республикасының Орта­лық референдум комиссиясының мәлім­деуінше, Алматы облысы тұр­ғындарының 71,46 пайызы референ­думға қатысқан. Өңір тұрғын­дары­ның 800 мыңға жуығы өз таңдауын жасады. Әсіресе шалғай аудандардың халқы ерекше белсенділік танытты. Оның ішінде Райымбек, Кеген және Балқаш аудандарында тұрғындардың 90 пайыздан астамы дауыс берген.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Халықтық мерекеге айналды
    16.03.2026
    Жаңа аллея – шаһар көркі
    16.03.2026
    Сенім жоғары
    16.03.2026
    Тұрғындар белсенділік танытты
    16.03.2026
    Өрт сөндіру бекеті ашылды
    16.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>