⚠️ API қатесі: cURL error 28: Resolving timed out after 5000 milliseconds
Жексенбі, Наурыз 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Еңбекшіаралда дәрігерлік амбулаториясы ашылды

    22.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Мереке
    Еңбекшіаралда дәрігерлік амбулаториясы ашылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданының Еңбекшіарал ауылында Наурыз мерекесінде дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Ұлыстың ұлы күні мерекесінде пайдалануға берілген аса маңызды медициналық нысанның ашылуы – ел игілігі жолындағы тағы бір маңызды қадам саналады. 

    Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, облыс басшысы Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын жеткізді. Нысанның ашылуына сондай-ақ аудан әкімі Нұрлан Ертас, облыстық денсаулық сақтау және өзге де басқармалардың жетекшілері, аймақтың белгілі адамдары, медицина қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Құрылысты жүргізген мердігер мекеме – «Техно Снаб 2002» ЖШС-нің учаске бастығы Әділет Адамбаев ғимараттың нышан кілтін ауылдық амбулатория меңгерушісі Гүлғайша Өмірәлиеваға тапсырды. Нысанның лентасы қиылып, Ғани Айдарұлы бастаған құрметті қонақтар ішін аралап көрді. Мекеме қажетті медициналық құралдармен жабдықталып, жұмыс істеуге барынша қолайлы жағдай жасалған.

    Қарасу ауылдық округіне қарасты Еңбекшіарал ауылында бой көтерген дәрігерлік амбулатория ғимараты «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Бұл бағдарлама ауылдық елдімекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары мемлекеттік сатып алу келісімшартына сәйкес жүргізіліп, толықтай аяқталды.

    Жаңа амбулаторияның іске қосылуы ауыл тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, жергілікті халықтың денсаулығын нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ 

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ұзынағаштағы Наурыз-думан
    22.03.2026
    Еңбекшіаралда дәрігерлік амбулаториясы ашылды
    22.03.2026
    Қонаевта әз-Наурыз тойланды
    22.03.2026
    ІЛЕ АУДАНЫНДА НАУРЫЗ ЖАҢА ФОРМАТТА АТАЛЫП ӨТТІ
    22.03.2026
    Наурыз – қайырымдылық пен мейірімділік мейрамы
    22.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>