☀️
-0°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Референдум және махаббат: Ұзынағашта ерекше ұсыныс жасалды

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Референдум және махаббат: Ұзынағашта ерекше ұсыныс жасалды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS
    Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында референдум күні ерекше ұсыныс жасалды. Осы елдімекен тұрғыны Елжан Ерболұлы республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасағаннан кейін болашақ қалыңдығы Жанеркеге үйленуге ұсыныс жасады.
    Жастар бүгінгі күнді еліміздегі тарихи күндердің бірі ретінде бағалайды. Елжан Алтыбақан көшесіндегі №1 мектеп-гимназиясының ғимаратында орналасқан №262 референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін іле-шала сол жерде сүйіктісіне сақина ұсынып, өмірлік серігі болуға шақырды. Бұл күн өміріндегі және ел тарихындағы  ерекше сәттердің бірі екенін Елжан былайша білдірді:
    «Бүгінгі күн мен үшін ғана емес, тұтас қазақ елі үшін ерекше мәнге ие күндердің бірі. Себебі мемлекетіміздің жаңа кезеңге қадам басуына негіз болатын маңызды шешім қабылданып жатыр деп есептеймін. Сондықтан мен бұл күнді әдейі таңдадым. Өйткені болашақ жарыма жасаған ұсынысым ешқашан ұмытылмайтын күндердің бірі болып қаларына сенемін», – деді ол.
    Осылайша, ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасалған күні екі жастың өміріндегі қуанышты оқиға да қатар өріліп, бұл сәт көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
    Серік САТЫБАЛДИЕВ
    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Партиялардың жетекшілері таңдауын жасады
    15.03.2026
    Еңбекшіқазақ ауданында референдум қайырымдылықпен ұштасуда
    15.03.2026
    «Рамазан берекесі»: ауыз бекіткендерге құрмет көрсетілді
    15.03.2026
    Алматы облысы тұрғындарының 70 пайыздан астамы дауыс берді
    15.03.2026
    Азаматтық белсенділік пен дәстүр үйлесімі референдум күні көрінді
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>