Алатау қаласындағы «Славяндар» этномәдени орталығының төрағасы Марина Комарова мен осы орталықтың мүшелері Жаңа Конституцияны қабылдауға арналған референдумда Алатау қаласының «Жетіген» шағынауданында орналасқан №4 орта мектептегі №379 учаскеге келіп дауыс берді.
Алатау – 2024 жылы құрылған жас қала. Қала аумағында 58 этнос өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде. Славяндар – Алатау қаласындағы қазақтардан кейінгі саны жағынан ең көп этностың бірі. Аталған этносты құрайтын орыс, украин, белорус және поляктардың жалпы саны шамамен 6 мыңнан асады.
Қалалық «Славяндар» этномәдени орталығы 2025 жылы жұмысын бастады. Бүгінде 100-ден астам мүшесі бар орталық қоғамдық келісімді нығайтуға, этносаралық татулық пен бірлікті сақтауға өз үлес қосып келеді. Қаланың мәдени-рухани өміріне белсенді араласады. Былтыр қазан айында қалада «Славян этностары мәдениет күні» фестивалін ұйымдастырса, биыл ақпан айында дәстүрлі «Масленица» мерекесін өткізді. Сонымен қатар орталық мүшелері Наурыз мейрамы, Рәміздер күні, Республика күні және Жаңа жыл секілді мерекелер мен қала көлемінде өткізілген ық іс-шараларға белсене қатысып, тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп жүр.




