Күні кеше Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өз мәресіне жетті. Халық игілігін көретін, жаңа белеске қадам басатын Қазақстанның жарқын болашағы үшін әрбіріміз референдумға қатысып, дүйім жұрт болып өз таңдауымызды жасадық.
Бұған дейінгі референдумдармен салыстырсақ, халықтың саяси өмірге деген көзқарасының өзгергені, белсенді араласуы бұл референдумда анық байқалды. Референдумға деген халықтың сенімі, оң көзқарас танытуы байқалып келеді.
Қазақстанның жаңа конституциясы қолданыстағы негізгі заңға елеулі өзгерістер енгізуді көздеп отыр. Соның аясында Конституция жаңарды. Енгізілген өзгерістер қатарында жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылуы, вице-президент лауазымын енгізу, президент жанынан Халық кеңесін құру секілді іргелі реформалар бар. Мұны мемлекеттің «Халық үніне құлақ асатын үкімет» қағидасын қалыптастыруда халық пен қоғамның және халық пен мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастың жаңа форматы ретінде қарауға болады.
Сондықтан да бұл референдумның берері мол болды, алдағы жаңа Ата Заңымыз Қазақстанда белгілі бір мәселелерді шешуге өз үлесін қосады деп ойлаймын.
Шыңғыс ТҰРСЫНОВ
Кеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы





