Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінде «Наурызнама – 2026» ұлттық спорт күні аясында №36 орта мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін дамыту және кеңінен дәріптеу.
Жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетіп, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттырды. Аталған спорттық шараға округ әкімінің орынбасары Кенже Мұратбекқызы және Іле ауданының Құрметті азаматы Әмзе Исаев қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады. Ұлттық ойындар барша қатысушыға ұмытылмас әсер сыйлады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
Іле ауданы





