☀️
10°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарадаладағы той

    27.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қарадаладағы той
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарадаладағы Наурыз тойы орталық алаңда өтті. Аудан орталығы Шонжыдағы алаңда қарақұрым халықтың саны көп болды. Ұлттық киім киген әжелер мен аталар немере-шөбересін ертіп алған. Қыз-келіншектер де ұлттық киім киіп, мереке көркіне көрік қосқан. Алаңды айнала тігілген ақшаңқан қазақ үйлер нағыз тойдың, ұлы тойдың болғанынан хабар бергендей. Мерекеге сай безендірілген алаңда наурыз-көже беріліп, сары қымыз сапырылып, қазан-қазан ет асылып, әрбір келген қонаққа дәм ұсынылып жатты. Осы көріністер Наурыз берекенің мерекесі екенін аңғартты.

    Алаңда мерекелік шара бастау алды. Жер әлемнің түрленіп, жасыл желекке боянып, бар тіршілік оянғанынан сауын айтып, сүйіншілеген дауыстар елді елең еткізді. Осылайша, «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты мерекелік шара басталып кетті. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, күн мен түнді теңестіріп, көктем шуағын төгіп, қыстың көбесін сөгіп, тіршілік атаулыға жан бітіріп, табиғат әлемді көкке орап, көңілдерге ән, жүректерге жыр сыйлап келген Ұлыстың ұлы күнінде қазақтың дарабоз ақыны Жамбыл мен атағы алты Алашқа мәлім дауылпаз ақын Құлмамбеттің жыр додасы халыққа ұсынылды. Ынтымақ пен пен бірлікті жырлаған қос ақынның додасынан кейін Қыдыр атамыздың ақ батасын алдық. Әжелеріміздің ақ шашуын ханталапайлап таладық. Артынша сахнаға бүлдіршіндеріміз шықты. Олардың мың бұрала билеген билері де, әуелете шырқаған әндері де елдің мерейін одан сайын үстем етті.
    Аудан әкімі Бота Елеусізова құттықтау сөз сөйлеп, дүйім жұртқа ақжарма тілегін арнады. Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, еліміздің амандығын тіледі. «Ұлы даламызда сан ғасырлар бойы тойланып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлық мереке – Наурыз. Күн мен түннің теңелетін осынау ерекше күнін – жаңару мен жасарудың нышаны, дүниеге көрік берген шырайлы жыл басы деп құрметтеп, береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің тойы ретінде дәріптеген», – дей келе Бота Серікқызы Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан Наурызнама онкүндігінің Шонжы өңірінде де жоғары деңгейде өтіп жатқанын айта кетті. Наурызнама аясында қайырымдылық шаралары жүзеге асып, тал-терек отырғызылып, нағыз жаңарудың мерекесін атап өтіп жатқанымызды да сөз етті. Бірқатар азаматқа марапаттар да табысталды.
    Наурыз – табиғат атаулының тiрiлiп, өмiрге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы. Сонымен қоса ерте кезден-ақ бұл мейрам елдiң бiрлiгiн сақтап, татулыққа шақыратын ерекше сипатқа ие. Бұған тағы бір мәрте көз жеткіздік. Бір-бірін мерекемен құттықтап, қуаныштарын ас та төк дастарқанға салған ағайынның барлығы киіз үйлерде жайылған дастарқаннан ас ауыз тигізіп жатты. Ынтымақ, бірліктің нышанын көрсетті. Ортада қазақтың ұлттық ойындары да ойнатылып жатты. Осылайша, Наурыз мерекесін Қарадала халқы кең көлемде атап өтті.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
    27.03.2026
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    27.03.2026
    Баспанамен қамтылды
    27.03.2026
    Қарадаладағы той
    27.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>