☀️
10°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді

    27.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Жоғары технология
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Digital Kazakhstan халықаралық форумы аясында ауылдық елді мекендерді Fixed Wireless Access (FWA) технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жобасы көрсетілді. Жобаны «Ауыл Телеком» ЖШС жүзеге асыруда. Бастама еліміздің шалғайдағы және экономикалық тұрғыдан жетуі қиын аймақтарында заманауи телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

    Тұсаукесер барысында желінің қазірдің өзінде 120 ауылда іске қосылғаны және 120 базалық станция орнатылғаны айтылды. Бұл жоба 67 мыңнан астам үй шаруашылығын немесе 260 мыңға жуық тұрғынды қамтып отыр. Интернеттің орташа жылдамдығы — 50–80 Мбит/с.

    «Ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамту — министрліктің басты міндеттерінің бірі. Байланыс операторларымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде FWA сияқты заманауи технологиялық шешімдер енгізілуде. Бұл шалғай ауылдарды жедел қосуға және цифрлық теңсіздікті жоюға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.

    Шараның ең маңызды сәті министрдің қатысуымен желінің символикалық түрде іске қосылуы болды. Интерактивті картадағы нүктелер белсенді күйге ауысқан соң, желіге қосылған 10 ауылдың тұрғындарымен тікелей бейнебайланыс орнатылды. Байланыс сапасының тұрақтылығы нақты уақыт режимінде дәлелденді.

    «Бұрын интернет әлсіз әрі тұрақсыз болғандықтан, заманауи білім беру ресурстарын пайдалану қиын еді. Қазір біз онлайн оқып, біліктілігімізді арттыруға және оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашуға жағдай жасадық», — деді Есбол ауылының тұрғыны, жергілікті мектеп мұғалімі Абутайр Алихан.

    Жиын соңында Телекоммуникациялар комитеті мен «Ауыл Телеком» ЖШС арасында ауылдық аймақтарда цифрлық инфрақұрылымды одан әрі кеңейтуге бағытталған ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

    Соңғы жаңалықтар

    Әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
    27.03.2026
    Қазақстанда ауылдық елді мекендерге арналған FWA желісінің іске қосылуы көрсетілді
    27.03.2026
    Баспанамен қамтылды
    27.03.2026
    Қарадаладағы той
    27.03.2026
    Бұлақ көрсең, көзін аш!
    27.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>