☀️
5°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазына қарттар таңдау жасады

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Қазына қарттар таңдау жасады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Шарын ауылындағы референдум учаскелерінде жұмыс қызу жүруде. Қай жағынан болса да алдыңғы орыннан көрінетін бұл ауылдың тұрғындары бүгінгі науқанға да белсенді қатысуда. Әсіресе қазына қарттар ерекше ынта-ықыласпен учаскелерге келіп болашақ үшін таңдауларын жасауда.

    Референдум учаскесіне келген Күләйхан Медетова апамыз 94 жасты алқымдаған. Күләйхан апамыз жасының келгеніне қарамастан мұндай саяси науқаннан қалыс қалуға болмайтынын да айтып қалды. «Бұл – еліміздің ертеңі үшін таңдау. Бұл – болашық ұрпағымыздың жақсы күндерде өмір сүруіне кепіл. Конституция – әр азаматтың құқығын ғана қорғап қоймай, осы мемлекеттің толыққанды азаматы ретінде өмір сүруіне кепіл болатын басты құжат. Ал біз сондай құнды дүниеге таңдау жасарда бей-жай қарамауымыз керек. Мықты Ата Заң – мықты ел. Сондықтан әркім өз таңдауын жасауы керек», – дейді қария.

    97 жасты еңсерген Тохтихан Сабирова да өз таңдауын жасады. «Мен мемлекетіміздің, оның басында отырған президентіміздің әр бастамасына мұқият зер саламын. Жасым келді, дәуренім өтті деп ойламаймын. Мені ұл-қызымның, немере-шөберелерімнің болашағы алаңдатады. Біз талай қиындықты көрдік. Ал қазір менің балаларым білімді, заңмен қорғалған ортада өмір сүруде. Осының өзі зор қуаныш мен үшін. Өз өміріңді өзгенің қолына тапсырғың келмесе, таңдау жасау керек. Мен өзім ғана емес, әр баламның, жасы 18-ге толған немерелерімнің барлығының дауыс беруін таптап айтып отырамын», – деп ағынан жарылды. Әрі өз таңдауын жасады.

    Шарын ауылында сегіз апамыз бен екі атамыз тоқсанды алқымдаған қазына қарттар. Кейбіріне комиссия мүшелері үйлеріне де барып, таңдауларын жасатты. Олардың барлығы да бүгінгі тарихи күнде таңдау жасағандарына ерекше қуанышты.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Референдум: Қонаевта қоғамдық көлік тегін қатынады
    15.03.2026
    Алматы облысында бір көшенің тұрғындары түгел таңдау жасады
    15.03.2026
    Инватакси қызметін пайдаланған жандар таңдау жасады
    15.03.2026
    Чемпион қыз қолдау білдірді
    15.03.2026
    АТАҚТЫ АДАМДАРЫМЕН ЖӘНЕ ИГІ ДӘСТҮРЛЕРІМЕН ТАНЫМАЛ ӨЛКЕ
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>