Бүгін Кеген ауданында шаңғы спортымен айналысатын спортшылар І.Жұмағұлов атындағы орта мектебінің ғимаратындағы №568 референдум учаскесіне арнайы келіп, бір уақытта дауыс берді. Олар өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтындарын көрсетті.
Шырғанақ ауылының тұрғыны, шаңғышы Бекжан Бақбергенұлы қазақстандықтарды белсенді болуға шақырды.
-Осы шаңғышылар командасы әр жексенбі сайын шаңғы тебуді дәстүрге айналдырғандықтан бүгінгі референдумға дауыс беруге зор дайындықпен келдік. Ауылымызда 2013 жылы балалармен жасөспірімдер арасында қысқы спорт мектебі ашылды. Шаңғы бөлімінің жаттықтырушысы Олжас Садықов. Жасөспірімдермен қатар, егде кісілерде шаңғы тебумен тұрақты айналысып келеді. Ардагер спортшылар Қожағұл Құрмыш, Құрманғали Айбек аудан, облыс көлеміндегі жарыстарға қатысып жүр. Бүгінгі күн мемлекетіміз үшін, еліміз үшін ең бір маңызды күндердің бірі. Сондықтан келіп, өз таңдауларыңызды жасап, дауыс беріңіздер. Менде өз даусымды бердім, -деді ол.
Осылайша, спортшылар маңызды қоғамдық-саяси шарадан тыс қалмай, белсенділік танытты. Аудан шаңғышылары жастарға үлгі болып, барша тұрғындарды ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырды. Еліміздің болашағы үшін әр дауыс маңызды!
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы




