🌧️
2°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Кеспе шығаратын кәсіпорын

    10.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Кеспе шығаратын кәсіпорын
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

       Қарасай ауданы – аграрлық саладан өнеркәсіп өндірісіне қарай қарышты қадам басып келе жатқан өңір. Оған осында бой көтеріп жатқан көптеген кәсіпорын дәлел бола алады. Ауданда түрлі деңгейдегі зауыт-фабрикалармен қатар тамақ өнеркәсібі де көптеп ашылуда. Осының бәрі еліміздегі ең үлкен мегаполис – Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға себеп болып отыр.

       Біз әңгіме етіп отырған «Ansar Foods» компаниясының өндірістік алаңы  қаладан таяқ тастам жерде орналасқан.  Шағын да болса салмақты кәсіпорын жайма нан, кеспе және макарон өнімдерін шығарады.  

       «Ansar Foods» компаниясының өндірісіне барып, кеспенің жасалу жолымен, демек,көліктерге ұн тиеліп келгеннен бастап «Kunde» брендімен дайын қаптамаға салынғанға дейінгі жұмыс процесімен толық танысқан едік. Дәл осы кеспені кәсіпорын Magnum сауда желісіне жеке сауда маркасы ретінде жеткізеді.

       – Технологиялық процестің алғашқы кезеңі – шикізатты қабылдаудан басталады. Көліктермен жеткізілген ұн бірден наубайханаға жол тартпай, алдымен арнайы бөлмеде «тынығып», температура мен ылғалдылыққа бейімделеді. Бұлөте маңызды, себебі қамырдың дұрыс иленуі осыған байланысты, – дейді өндіріс меңгерушісі Гүлжан Бейсекеева. – Ай сайын өндіріс көлеміне150–200 тонна ұн жұмсалады, аптасына шамамен екі рет 20 тоннадан әкелінеді. Қыс айларында біз ұн қорын

       Қарасай ауданы – аграрлық саладан өнеркәсіп өндірісіне қарай қарышты қадам басып келе жатқан өңір. Оған осында бой көтеріп жатқан көптеген кәсіпорын дәлел бола алады. Ауданда түрлі деңгейдегі зауыт-фабрикалармен қатар тамақ өнеркәсібі де көптеп ашылуда. Осының бәрі еліміздегі ең үлкен мегаполис – Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға себеп болып отыр.

       Біз әңгіме етіп отырған «Ansar Foods» компаниясының өндірістік алаңы  қаладан таяқ тастам жерде орналасқан.  Шағын да болса салмақты кәсіпорын жайма нан, кеспе және макарон өнімдерін шығарады.  

       «Ansar Foods» компаниясының өндірісіне барып, кеспенің жасалу жолымен, демек,көліктерге ұн тиеліп келгеннен бастап «Kunde» брендімен дайын қаптамаға салынғанға дейінгі жұмыс процесімен толық танысқан едік. Дәл осы кеспені кәсіпорын Magnum сауда желісіне жеке сауда маркасы ретінде жеткізеді.

       – Технологиялық процестің алғашқы кезеңі – шикізатты қабылдаудан басталады. Көліктермен жеткізілген ұн бірден наубайханаға жол тартпай, алдымен арнайы бөлмеде «тынығып», температура мен ылғалдылыққа бейімделеді. Бұлөте маңызды, себебі қамырдың дұрыс иленуі осыған байланысты, – дейді өндіріс меңгерушісі Гүлжан Бейсекеева. – Ай сайын өндіріс көлеміне150–200 тонна ұн жұмсалады, аптасына шамамен екі рет 20 тоннадан әкелінеді. Қыс айларында біз ұн қорын көбірек ұстаймыз, себебі технология бойынша ұн қажетті температура мен ылғалдылыққа жетуі керек. Егер суық ұнды бірден өндіріске салсаң, қамыр ойдағыдай шықпайды.

       Кәсіпорында негізінен Ақмола мен Қостанайоблысында жасалынған жоғары сортты ұн қолданылады. Бұл – «жұмсақ» қазақстандық ұнқамырға серпімділік береді. Ал қатты сортты ұн«Cezaro» маркасындағы макарон өнімдерін өндіруге пайдаланылады.

    – Егер қамыр дұрыс иленбесе, кеспенің сапасы талапқа сай болмайды. Сондықтан әр кезеңге арналған стандарттарымыз бар, – дейді Гүлжан Орынбасарқызы. – Мұндағы ауа температурасы да жайлылық үшін емес, сапа кепіліретінде маңызды. Бөлме кемінде 22–24 градус болуы керек. Әйтпесе қамыр қатты иленіп, оны жұқартып жаю қиындайды.

       Өндірісте шағын зертхана жұмыс істейді. Мұнда ұн да, дайын кеспе де мұқият тексеруден өтеді. Өнімді дұрыс кептіру де өте маңызды. Тымқұрғақ болса – сынғыш келеді, ал ылғалды болса –қаптамада көгеруі мүмкін. Сондықтан әр кептіру камерасынан сынама алынады. Камераларда орнатылған планшеттер арқылы партияның дайындығы көрініп тұрады. Кептіру ыстық ауамен жүргізіледі Бұл процесс автоматтандырылған. Басқару панелінен қай партия кептіріліп жатқанын, оның күйін және циклдің аяқталуына қанша уақыт қалғанын көруге болады.

       Бүгінде «Ansar Foods»-та шамамен 50 адам жұмыс істейді. Қызметкерлердің басым бөлігі – Қаскелең, Шамалған, Қарғалы, Ұзынағаштан келіп еңбек ететін жергілікті тұрғындар. Оларды қыста арнайы автобустар тасыса, жаз айларында жолақытөленіп тұрады.

       Мұнда өндірілген тауарлар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Оңтүстік Кореяда да сұранысқа ие. Өнім көлемінің 30-40%-ы Ресейге экспортталады. «Қазақстандық өнім» экспортта эко-өнім ретінде аса бағаланады екен.

    – Бізді бір ғана мәселе алаңдатады. Ол өзіміздің ғимаратымыздың жоқтығы. Қазіргі ғимаратжалға алынған және бағасы аса қымбат. Егер аудан, облыс басшылары жер бөлетін болса, өндірісті, өнім көлемі мен экспорттыұлғайтуға мүмкіндік туар еді. Дегенмен, соған қарамастан  ассортиментті кеңейтіп, ұлттық өнімдер қатарын көбейтуге – табиғи жұмыртқамен премиум өнімдер шығарып, спагетти сияқты стандартты форматтарды игеруді жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпорынның менеджері Айнұр Қашқынбаева.

       «Ansar Foods» компаниясы осылайша сапалы отандық өнім шығаруда өзіндік сүрлеу салып, толайым табыс пен нәтижеге қол жеткізіп келеді.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «НАУРЫЗ АГРО» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    10.03.2026
    ОСМС в действии: как жителю Конаева помогла современная хирургия
    10.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «АЙНҰР» МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    10.03.2026
    Коалиция мүшелері Талғар Политехникалық колледж ұжымымен кездесті
    10.03.2026
    ЖҰЛДЫЗДАР ҚАТЫСҚАН ЖАРҚЫН ШОУ
    10.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>