⛅
24°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Кеудені кеспей жасалған күрделі операция 95 жастағы науқас өмірін сақтап қалды

    30.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Кеудені кеспей жасалған күрделі операция 95 жастағы науқас өмірін сақтап қалды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS
    Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігерлер 1931 жылы туған, 95 жастағы науқасқа бірегей жоғары технологиялық ота жасады. Оған аорталық қақпақша транскатетерлік әдіспен (TAVI) ауыстырылды. Ең бастысы – операция кеуде қуысын ашпай, жүрек тоқтатылмай жүргізілді.
    Аорталық стеноз – егде жаста жиі кездесетін әрі өмірге қауіпті дерттердің бірі. Бұл ауру уақытында емделмесе, жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп, науқастың өмірін қысқартады. Ал 90 жастан асқан адамдарға дәстүрлі ашық операция жасау өте қауіпті.
    Осыны ескерген дәрігерлер науқасқа ең қауіпсіз әрі тиімді әдіс – аз инвазивті TAVI технологиясын таңдады.
    Бұл әдіс кезінде жаңа қақпақша сан артериясы арқылы енгізілген жұқа катетердің көмегімен жүрекке жеткізіледі. Яғни, кеуде сүйегі кесілмейді және жасанды қан айналымы аппараты қолданылмайды. Мұндай тәсіл әсіресе жасы үлкен науқастар үшін аса маңызды.
    TAVI әдісінің негізгі артықшылықтары:
    •ағзаға түсетін жүктеменің аз болуы
    •тез қалпына келу
    •ауруханада жату мерзімінің қысқаруы
    •операциялық тәуекелі жоғары науқастарға мүмкіндік беру
    Ангиохирург Арман Садықовтың айтуынша, операция сәтті өткен: «Науқастың жасы – үлкен қауіп факторы. Соған қарамастан, қазіргі медицинаның мүмкіндіктері бізге осындай күрделі жағдайларда да тиімді көмек көрсетуге жол ашады. TAVI – бұл ауыр операциясыз өмір сүруге берілген мүмкіндік. Біз жақсы нәтижеге қол жеткіздік».
    Ал басқарушы компанияның бас директоры Жұмағали Исмаилов мұндай оталардың маңыздылығына тоқталды: «Бұл – отандық медицинаның деңгейін көрсететін нақты нәтиже. Біздің мақсат – пациенттің жасына қарамай, барлығына сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек қолжетімді болуы».
    Науқастың туыстары да дәрігерлерге алғысын білдірді: «Біз мұндай жаста осындай ота жасауға болады деп ойламадық. Дәрігерлерге кәсібилігі мен жанашырлығы үшін, жақынымыздың өмірін ұзартқаны үшін шын жүректен алғыс айтамыз».
    Бүгінде TAVI – жүрек қақпақшасы ауруларын емдеудегі ең заманауи әрі тиімді әдістердің бірі. Ол егде жастағы науқастарға жаңа мүмкіндік беріп, олардың өмір сапасын жақсартуға жол ашады.

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаев құрамасы көкпардан чемпион атанды
    30.03.2026
    Кеудені кеспей жасалған күрделі операция 95 жастағы науқас өмірін сақтап қалды
    30.03.2026
    Қонаевта жылу қызметі бойынша абоненттік деректерді жаңарту жұмыстары басталды
    30.03.2026
    30 наурыз – Халықаралық қалдықсыз күн
    30.03.2026
    Есік қаласында сенбілік өтті
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>